Мазмұнға өту
DinGovKz

АДР РК

@DinGovKz

Сайтта 2013 ж. 13 наурызКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

рейтинг

100

жазбалар

316

пікірлер

4

тіркелуші

8

жазылымдар

2

«Дін және жастар»

«Abai.kz» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Талдау бөлімінің ғылыми қызметкері Ж. Асхатұлының «Дін және жастар» атты мақаласы Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлт…

1
0
16822

Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына…

0
0
14192

А.ж. 15 шілдеде Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, өзге де мемлекеттік органдар мен дәстүрлі діндердің діни бірлестік басшылары, дінтанушы-ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер қатысты.

Іс-шара барысында діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын орындаудағы өзекті мәселелері қарастырылды.

0
0
243

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф барша Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айында Ораза ұстау күндерінің басталуымен құттықтады.

«Оразалымен оттас бол, имандымен жолдас бол» деген қазақ халқы Оразаның адам бойындағы мейірбандық, адамгершілік, достық пен қайырымдылық қасиеттерін нығайтып, ысырапшылдықтан сақтандырып, үнемшілдікке тәрбиелейтін ерекше әсерін бағалап, қастерлеген. Қасиетті айдың шарапаты Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін нығайтуға септігін тигізсін.

ҚР Дін істері Агенттігінің баспасөз қызметі

0
0
341

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады.

2013 жылғы 25 маусымда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады. Кездесу барысында тараптар Сауд делегациясының а.ж. 25 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10-жылдығына арналған Съез Хатшылығының мерейтойлық XII отырысы мен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуының ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады. Анықтама: Вена қаласында орналасқан Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша Халықаралық орталық әлемдегі түрлі діндерді ұстанушылардың арасындағы үнқатысуды арттыру мен оның мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында ашылған. Орталық…

0
0
399

«Ислам және жихадизм» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті

2013 жылғы 21-маусымда Ақтау қаласында ҚР Дін істері агенттігі Маңғыстау облысы әкімдігінің бірлесіп, «Ислам және жихадизм» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді. Конференция барысында діни радикализм мен экстремизмнің таралуы және теріс сипаттағы діни идеялар мен әрекеттердің алдын-алу және оларға қарсы пәрменді іс-қимылдар жасауға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Іс-шара барысында қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту жолдары да кеңінен қаралды. Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, шетелдік және отандық дінтанушылар мен сарапшылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, еліміздің батыс өңірлерінің мешіт имамдар…

0
0
480

Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі С.М. әл-Кетбимен кездесті

А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірлігінің Төтенше және өкілетті елшісі Сухейл Матар әл-Кетбимен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын және осы үрдіс Қазақстан мен БАӘ-нің рухани үндестігімен нығайтылғанын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде Астана қаласында Қазақ-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы бірлескен отырысы аясында ҚР Дін істері агенттігі мен БАӘ ислам істері және уақыптар жөніндегі бас агенттік арасында түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі қаралды.

0
0
320

«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті. Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкиннің «Ар-ождан бостандығы» атты мақаласы

Ар-ождан бостандығыаясында толеранттылық пен діни төзімділік дәстүрлерін дамыту шарттары туралы бірер сөз Полиэтностық және поликонфессиялық қазақстандық қоғам жағдайында сан алуан діни конфессия өкілдерінің бірі-бірімен үнқатысуы, сондай-ақ, олардың мемлекетпен арақатынасы дұрыс жолға қойылуы аса маңызды әлеуметтік мәселе. Осы орайда, өмір шындығында болмай қалмайтын қайшылықтар мен шиеленістер құқықтық негізде және зайырлылық пен ар-ождан бостандығы қағидаларын сақтау арқылы шешілуге тиіс. Бұл қағидаттар қазіргі әлемде құқықтық мемлекет пен демократияның ажырамас бөлігіне айналып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» «Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет дін…

0
0
12334

«Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Ү.ж. 17 мамыр күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп «Ислам терроризмге қарсы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми қауымдастықтардың, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ, Ирактан келген қонақтар қатысты. Конференцияны өткізудегі басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу үшін лаңкестікпен күрес және Қазақстан қоғамын рухани ағартудың өзекті мәселелерін талқылау болды. Іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмұхаметов, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» меші…

0
0
509

А.ж. 16 мамырда Астана қ. ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф Ирак Республикасы Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмуд Жарад және Ирак Республикасы Парламентінің Халықаралық байланыстар комитетінің Төрағасы Х.Хамудимен кездесті.

Сондай-ақ Ирактың Астанадағы Елшісі Раджиг әл-Мусауи қатысқан сындарлы сұхбаттың барысында Қазақстан мен Ирактың дін саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөнінде пікір алмасулар болды. Кездесу барысында ДІА Төрағасы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері жөнінде кеңінен әңгімелеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабының араб тіліндегі нұсқасын сыйға тартты. Ирак араб елдерінің ішінде Қазақстанға ең жақын орналасқан мемлекеттің бірі және бұл жақындық екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың дамуына айтарлықтай әсер етеді деп күтілуде. Ирак жерінде 699-767 жылдары төрт мазхабтың бірін қалаушы Имам Әғзам Әбу Ханифаның өмір сүргені тарихтан белгілі. Қазақстан мұсылмандары ежелден Исламның ханафи мазхабын ұстанып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Нас…

0
0
299