ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады.

2013 жылғы 25 маусымда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Сауд делегациясының а.ж. 25 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10-жылдығына арналған Съез Хатшылығының мерейтойлық XII отырысы мен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуының ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.

Анықтама: Вена қаласында орналасқан Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша Халықаралық орталық әлемдегі түрлі діндерді ұстанушылардың арасындағы үнқатысуды арттыру мен оның мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында ашылған. Орталық «тәуелсіз, саясат және экономика ықпалынан азат халықаралық мекеме болып табылады». Құрылтайшы мемлекеттер: Сауд Арабия Корольдігі, Австрия Республикасы мен Испания Корольдігі.