Блогосфераға ережелер қажет пе?
Сіз блог жүргізесіз/күнде оқисыз және сондағы жазбаларға пікір қалдырасыз. Ал блогтарға байланысты [жария емес] ережелерге бағынасыз ба? Мүмкін осының бәрі тек бос әурешілдік? Бүгінгі күнде кәсіби блогшылардың көбісі өз веб-беттері үшін арнайы «кодекс» жасады. Оны жария етпесе де, әр кез ойыларында сақтайды. Себебі, Блогосфера да қоғамның бір түрі, оған да кейде тәртіп қажет. Негізгі ережелер төмендегідей: Сілтемелер - Жазбаңызда біреудің материалын жариялайтын болсаңыз, ақпарат көзіне сілтеме жасауға ұмытпау. Онсыз да түсінікті, бірақ.... беделіңізді түсірмеу үшін, жадыңызда жүрсін. Кейін сіздің блог жазбаңызды біреу жарияласа немесе үзіндісін ғана алып, авторына сілтеме жасаса, марқайып қаласыз.- Сілтемелер түрлі акциялар мен эстафеталар өткен кезде де жасалынады. Мысалы, эстафетаны сіз…