Наурыз мәзірі. Бесбармақ.
Ұлыстың ұлы күніндегі отырыс бесбармақ немесе қазақша дайындалған етсіз өтпейтіні белгілі. «Қазақ ет жегенде, қасқыр ұялады», - дейді. Ұлттық тағамды өз қолымен дайындап көрмегендер үшін төмендегі нұсқаулық көмектеседі деген ойдамыз. Қой немесе сиыр, жылқы еті (бізде жылқы еті); қазы; картоп; ұн; жұмыртқа; жарты стақан жылы су; тұз; пияз. Жуылған ет пен қазыны су құйылған қазанға салып, бір қайнатып аламыз. Қайнағаннан соң, отты басып, 2-2,5 сағаттай пісіреміз. Егер ет тұздалмаған болса, тұз қосамыз. Сорпа тұнық болуы үшін қазанға ашылған пиязды салып, көбігін сүзгімен алып тастап отырамыз. Бұл уақытта қамырын дайындаймыз. Ұн, бір шөкім тұз, жұмыртқа, жылы суды араластырып, қамыр илейміз. 10-15 минутқа шұңғыл ыдыстың астына қоямыз. Астың наны тығыздалған болуы қажет. Сол себепті қамырды қ…