Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Аптаның қызықты материалдары #11

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз. ЖАУҺАР (НОВЕЛЛА) Біз ол кезде құрбым Жауһар екеуміз қаланың шетінде пәтер жалдап тұратынбыз. Түнгі клубқа, таныс жігіттер шақырған кештерге бармай, үйде кітапқа көміліп жатып, болашақ ханзадамыз туралы қиялдаймыз. Кафеде танысқысы келген жігіттерге мойын бұрмай екеуден екеу отырамыз. – Өмір өтіп барады. Ал біз түк те тындырған жоқпыз. Сонда өмірге не үшін келдік? – дейді ол бетіме сұраулы жүзбен қарап. – Өлу үшін. – Жоқ, мен өмірге өмір сүру үшін келдім. Бірақ... білесің бе, мен ылғи да өзімнің бейітімнің басында жылап отырамын. Әлден соң үйде отырғанымды сезінем де қорқыныштан селк етемін. – ?.. – Неге үндемейсің? – Мен өзімді ұйықтап жатып, ояу жатқандай, ояу жатып,…

5
8
1634

Аптаның қызықты материалдары #12

ГАМЛЕТ. ӨМІР – АБАҚТЫ Америкалық жазушы Курт Вонненгут айтады: «Гамлеттің» ұлы шығарма болатын себебі, принц корольді өлтірді – жарайды. Өзі өлді – жарайды. Дегеніне жетті ме, жетсе, ол игілік пе – білмейміз. Біздің мына тіршілігіміз де сондай. Мен де о дүниеге бара қалсам, аспан канцеляриясындағы «кісілерге» келесі сұрақты қояр ем: «Тыңдашы, осы біздің өмір сүргеніміз өзіміз үшін – игілік пе, жоқ па?» (жалғасы). Күй мерекесі Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазы…

6
0
850

Аптаның қызықты материалдары #9

Құрметті оқырман, төменде әдеттегідей сенбілік мәдени дайджестімізді ұсынып отырмыз. Осы аптада еліміздің мәдени өмірінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды, сол себепті мақалалардың санын ұлғайтуға жөн көрдік. САЙТАНҚЫЗ «Карменсита» кейіпкер емес, «Карменсита» қойылым – режиссердің өзі. Қызуқанды, өмірге құштар, сотқар, батыл, еркін, асау... Бізде М.Әуезов атындағы академиялық театрдың бары, онда «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Бәкей қыз», «Қилы замандардың» қойылғаны өте жақсы. Мұның бәрі қазақ театрының іргесін қалап тұрған табантас (жалғасы). Тұрарды танып болдық па? Ресей астанасында он бір жыл тұрып, Кеңес өкіметінің басшылық органында қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың есімін Мәскеу қаласы тарихында қалдыру оның ұрпақтарының, Қазақстан жұртшылығының, күллі зиялы қауымның көкейінде жү…

5
1
2260

«Жоғалтпай сонау алыстан, жалғаған бабам арманын»

Өткен аптада еліміздің Орталық мұражайында «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубының «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылғаны жайында хабарлаған едік. Бүгін көрмеге қатысып, «Ғаламарттың» жастарымен танысуды жөн көріп отырмыз. "Екпін" журналы «Ғаламарт» клубының PR-маманы Айжан Құлмұханбетованы әңгімеге тартып, өнерлі жастар ұйымы жайында бірнеше сауалын қойған болатын. - «Ғаламарт» тарихы жайында айтып берсеңіз? - «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы 2010 жылы Алмас Мұстафаевтың жетекшілігімен Суретшілер Одағының жанынан құрылған. Клубта суретшілер, қол өнер шеберлері топтастырылған. Кейіннен осы қызығушылықтарын дамыту барысында 2011 жылы Нұрлан, Мырзабек, Алмас деген жігіттер «Ғаламарт» компаниясын құрады. Негізгі бағыты - ұлттық аспаптар ме…

9
7
4218

С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы

Мекен-жайы: Төле би көшесі, 27. Кітапханаға жазылу үшін: - оқу орнынан анықтама Кітапхананың жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 9.00-18.00 Сенбі: 10.00-17.00. Жексенбі: демалыс. Кітапханада: абонемент, бөбектерге арналған оқу залы, 5-сынып оқушыларына арналған абонемент, жоғары сынып оқушыларына арналған оқу залы, өнер әдебиетінің бөлімі, ақпарат-библиографиялық бөлімі, даму және жаңа технологияларды енгізу бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік кітап қорын сақтау, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі деп аталатын 11 бөлім бар. Соның алтауы тұтынушыларға тікелей қызмет көрсетеді. Қазақ, орыс, шет тілдеріндегі кітаптардың 500 мыңдай қоры: мектеп бағдарламасына көмекші ретіндегі ғылыми және анықтамалық әдебиеттер, әлемдік классика және балаларға арналған қазіргі көркем әдебиет, аудио және бейне ба…

7
0
10763

Аптаның қызықты материалдары #10

Әдебиет әлемі. Бұлқыныс бар, жұлқыныс жоқ... Әлемде адам атаулыны бірден жақындастырған да, ортақ тіл табыстырған да әдебиет екені даусыз. Өнердің осы түрі адамзатты рухани дамуға жетеліп, ынтымақ пен бірлікке шақырды. Жақсы мен жаманды, жауыздық пен жанашырлықты ажыратып, ақылдылық пен нақұрыстықтың аражігі қаншалықты қашықтығын қарапайым түрде ғана түсіндіретін, бірақ содан керемет ләззат алдыратын әдебиеттің саналы пендеге берері шексіз (жалғасы). Қадырдан сөз қалған ба? Жалпы поэзияға математиканың да қатысы бар деп айтады біреулер. Оған мысалды ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармаларынан көптеп табуға болады. Ақынның «Ең алдымен ел қамы» атты кітабындағы қанатты сөздер кестесі осы ойымызды нықтай түсті. «Мәдениет» телеарнасының бұл жолғы талдауға белгілі қаламгерлер Оразақын Асқар мен Қал…

7
0
719

Жаңабек Жетіру: ''Ұлттың жан дүниесін сақтап қалу''

Режиссураға әкелген ұзақ жол және «Аққыздың» хикаясы __________________________________________________ - Өзіңіз жайлы біраз айтып өтсеңіз, балалық шағыңыз қай өңірде өтті? - Жалпы суреткер адам балалық шағында қалыптасады. Айтады ғой: адамның бойындағы ең жақсы қасиеттер ананың сүтімен және алланың нұрымен келеді, - деп. Шынымен де, өскен ортам, тұрған жерім, сол жердің табиғаты, соның бәрі менің суреткер ретінде қалыптасуыма әсер етті. Туған жерім жайында айтар болсам, бұл тарихи жер – мысалы, Қорқыттың қабірі бар, қобызы да тұр. Бір жағымызда космодром орналасқан. Бала кезімізде аспанды тілгілеп ғарышқа ұшқан корабльдерді күнде көретінбіз. Ал екінші жағымызда қарапайым өмір, ата-әжелеріміз. Аталарымыз мал бағып, апаларымыз сиыр сауып дегендей... Жолдың арғы жағында кәдімгі теміржол біз…

10
7
1978

Әмбебап жас дизайнер - Зарина Даниярқызы

Адамның бақыты - адал достар, сүйікті жар мен сүйікті жұмысы. Алғашқы екеуін жүрек қалауымен бұлжытпай таңдасақ, жұмыс жағына келгенде жүрек үнін кейде естімей қалатынымыз бар. Адам табиғаты өзінің не үшін жаралғандығын әркезде біліп, сезе бермейді. Сондықтан болар, жетістік пен абырой барлығына бірдей келе бермейді. Өз орнын таба білетін бақытты жандар ғана ауыр жұмыстан ләззат ала алады. Бүгінгі кейіпкеріміз Зарина Даниярқызы қызығы мен шыжығы толы дизайн саласының өкілі. Статусы әлі де студент болғанымен, Зарина таңдауында нық, болашағына сеніммен қарайды. - Зарина, сәлем! Қазір қай жерде, қандай мамандық бойынша оқып жүрсің? - Сәлем, Айжан! Қазір Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің Архитектор және дизайн мамандығы бойынша 4-курста оқып жүрмін. Бұған дейін Т. Жүргенов атындағы өнер колледж…

«Қыз Жібектің» жаңа өмірі

Өткен аптада аты аңызға айналған, қырық жылдық тарихы бар режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті. Қазақстандық киноның «Алтын қорына» кірген фильмді сандық форматқа көшіріп, қайта өңдеу жұмыстарын «Қазақфильм» АҚ 2010 жылдан бастап жүргізген болатын. Оны реставрациялау үшін заманға сай, соңғы үлгідегі техникалар қолданылған.Пленкамен жұмыс істеу үшін ARRISCAN көшірме қондырғысы пайдаланылып, түрлі-түске бояу, түзету жұмыстары AUTODESK Lustre жабдығы арқылы іске асқан. Ал Protools HD бағдарламасы арқылы материалдың дыбысы өңделген. Фильмнің DVD нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде, 10 000 дана болып шықты. Тұсаукесер рәсіміне ҚР еңбек сіңірген әртісі, фильмде Қыз Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешева қатысты. Ол шара кезінде шашу шашып: «Ме…

Рауан Оқас: “Матч жүргізген сайын шыңдала береді екенсің”

Соңғы жылдары қандай салада болмасын, жалынды жастардың саны айтарлықтай артуда. Негізін Сейдахмет Бердіқұлов салып кеткен қазақ спорт журналистикасында да кейінгі толқын алдыңғы аға буынды өкшелеп келеді. Саны жағынан жетіп қалар-ау, ал сапасы жағынан олай деу әлі ертерек. Спорттан хабары бар әр көрерменге Рабат Жәнібековтың, Амангелді Сейітхановтың, Диас Омаровтың есімдері жақсы таныс. Олардың қай-қайсысы болса да қазақ спортшыларының жарқын жеңістерін жанкүйер есінде мәңгі қалдыратындай дауысқа ие. Соңғы кезде алдындағы ағаларына қарап келе жатқан бір топ жас комментаторлар бой көрсетіп келеді. «Қазақстан», «Еларна», «Хабар», «КТК» телеарналарындағы түрлі көрсетілімдерден Ермұхамед Мәулен, Рауан Оқас, Ержан Көшкімбаев сияқты есімдерді жиі еститін болдық. Қанаттары енді-енді қатайып кел…

6
9
2491