Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Мұқағали Мақатаев күнделігінен

Құрметті оқырман, бүгін қазақтың лирик ақыны, шынайы поэзия өкілінің өлеңдерін емес, жеке күнделігінен алынған жазбаларын ұсынамыз. 27 март 1972 жыл Шын талантты ақын берерін бергенен кейін, сыйымен өле білгені де жақсы. Алайда таңдамалыларының толық жинағына өзі редактор болғанның да зияны жоқ... 30 март 1972 жыл «ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ БІР ЖЫЛЫ» (баяндама, ойлар). «Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиісті»... Дүниеге жаңа келгендеймін. Ой-санам, жүріс-тұрыс, мінезімде сұмдық өзгеріс бар. Сәл кештеу оянған жоқ па?... Әлде дер шағы ма екен?! 22 февраль 1973 жыл ...Адамдардың арасында болған алауыздық мені де шарпымай өткен жоқ. «Жұлдыздың» делосын өткізіп беріп, поэзиямды өзім алып қалдым... Әзірге немен тынары белгісіз, барым менің, балам менің, жарым, жақсылығым менің – поэзиям, т…

5
3
8240

Талғат Байназаров: «Барлық оқушылардан 100% математик болуды талап ете алмаймыз»

«Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан, Артында ілесе алмай жүрміз әман. Күн сайын өзгеріліп, өнер артып, Бәрі де бара жатыр алға таман», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, күн сайын дамып, ілгерілеп бара жатқан заман талабына ілесу әр кезде де мүмкін болмайды. Ал білім саласында ондай жаңашылдықтарды жыл сайын енгізе беру тіпті қиынның қиыны болмақ. Білім жүйесінің өзгерістері мен сол ауыр артиллерияның сарбаздары: мұғалімдер мен оқушылар турасында жас мұғалім Талғат Байназаровпен әңгімелескен едік. Өйткені Талғат математика пәнінің оқытушысы ғана емес, интернеттегі белсенді жастардың бірі. Қазақтілді «Геогебра» бағдарламасының авторы. «Ұстаздық еткен жалықпас» дегендей, Талғат 22 жасында бала оқытуды (және де қазіргі заман талабына сай оқытуды) - өзінің өмірлік мақсаты деп біледі. - Талғ…

Қоңыр-сары көшелерден өзімді өзім іздедім

Құралай Болатханқызы Омар 1983 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дуниеге келген. Өскемен қаласында Жамбыл атындағы гимназия-интернатында білім алған. 2004 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Оныншы халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері. Құралайдың блогы Құралайдың "Халық сөзіне" берген сұхбаты Анар Мұстафинаның Құралай Омармен кездесуі «Жүрек назы». Әні: Роза Әлқожа, сөзі: Құралай Омар. Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің желісі бойынша. Төменде ақынның «Ақ қар» атты жыр жинағынан бірнеше өлең. Жылап тұрған аспан емес, мен едім, Жанарыңның жасын отын сағынып. Аңсағанда тамшыларды төгемін, Көкке барып, бұлт жейдемді жамылып. Тұнжыраған аспан емес, мен едім, Жар бола алмас…

10
5
2450

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасына фото шолу

Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71Жатақхана саны: 13Жатақханада тұру ақысы: 23 000 теңге (бір жылға) Жатақханаға кірген кезде: жатақхана тұрғындарының тыныштығын жиырма төрт сағат бойы қадағалап отыратын күзетші. Сонымен бірге, жайлы дивандар, теледидар, дәмхана бар. Жатақхана ішінде: Асхана: әр қабатта біреу Душ: бар (үшінші қабатқа дейін әр секцияда). Әжетхана: секцияда Интернет: wi-fi (ақылы) Кір жуатын орын: бар Бір бөлмеде: 4 (2) студент тұрады. Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, тумбочка және ортақ шкаф, 2 үстел, 2 кітап сөресі бар. Мархабат, шығыстану факультеті, 2 курс: Жатақхананың бір кемшілігі самалдықтың (балкон) болмағандығында. Ал қалған жағынан өте жақсы. Әр қабатта тамақ пісіретін асханалар бар, бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін әрбір секция душпен қамтамасыз етілген…

Алматы энергетика және байланыс университетінің жатақханасына фото шолу

Мекен-жайы: Шашкин көшесі, 14. Жатақхана саны: 3Жатақханада тұру ақысы: жылына 28 000 теңге.Бір бөлмеде: 5 (2, 3) студент тұрады. Жатақхана ішінде: Бір қабатта 2 асханадан Душ: әр секцияда Әжетхана: әр секцияда Интернет: wi-fi (ақылы) Кір жуатын орын: бар Бөлме ішінде: әр тұрғынға жеке төсек, тумбочка, орындық және барлығына ортақ 2 үстел, 1 тоңазытқыш, 2 кітап салатын сөре, шкаф бар. Айман, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету факультеті, 2 курс: - Жатақханада тұрған маған ұнайды. Өйткені мұнда барлық жағдай жасалған. Жуынатын орын, душ, әжетхана барлығы секцияның ішінде. Әр қабатта тұрмыстық бөлмеміз бар, сонда тамақ жасаймыз. Кір киімдерімізді қайда апарып жуамыз деп те қиналмаймыз, жатақхана ішінде кір жуатын арнайы машиналар да бар. Жатақханада: емхана бөлімшесі, проце…

«Жаужүрек мың бала» турасында журналист бір баланың ойы

Кеңес үкіметі тұсындағы қазақ кинематографиясы десек, ойымызға әп-сәтте оралып, санамызға серпіліс әкелетіні - режиссер Шәкен Аймановтың шытырман сюжетке құрылған кинокартиналары екені айдан анық. Балғын балалықтың бақытты шағымен тұспа-тұс келген бұл фильмдер «Қазақфильмнің» тырнақ алды туындылары екеніне ешкім шүбә келтірмес. Күлкі мен ысқақ, мұң мен зар, сезім мен сенімге толы картиналарды қызыға да қызғана да қарайтынмын. Қызығатыным - сюжеттердің алуандығы мен көздеген ойдың берілу формасы, яки философиялық түйіні. Қызғанатыным - актерлердің рөлді сомдап, жетесіне жеткізіп, көрерменнің бауыр етіне айналуы. Шыны керек, іштей «сотқар Қожаның» бейнесіне еніп, Сұлтанның айласынан сескеніп, Төлегеннің сезіміне куә болып, таң атырып, күнді де батырғанымыз бар. Шіркі-і-ін, маған да рөл бұйы…

Олжас Оқасов — футбол фристайлын меңгерген қазақ журналисі

«Спорт журналистикасы - нағыз патриоттық журналистика» дейді Қазақ Ұлттық Уиверситетінің 3 курс студенті Олжас Оқасов. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің нағыз өзі деп айтуға тұрарлық кейіпкеріміз спортпен де, музыкамен де, шығармашылықпен де айналысады. Ал биылғы жылы «Футбол фристайлы» сайысының бас жүлдегері атанды. Олжас Қазақстан футболының жағдайы мен спорт журналистикасының ерекшеліктері жайында баяндап, жеңістерімен бөлісті. - Өзің қатысқан байқау туралы толығырақ айтып кетсең, қай жерде, қалай өтті? - «Футбол фристайлы» алғаш рет 2011 жылдың көктемінде белгілі спорт журналисі Қуандық Шынасылов ағамыздың бастауымен Алматыда өтті. Ол маған: «Олжас, футболға бейімің бар ғой, қатысып көр», - деп шақырған болатын. Бұл жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен балалар келді. «Футбол фристайлы» -…

Менің атам — Әзілхан Нұршайықов

Жер бетінде ел басына күн туып, қатер төнген кезде қолына қару алып, елі мен жерін жаудан қорғаған, ел берекесі кіріп, бейбіт заманға аяқ басқанда, қара қаруын қарымды қаламға айырбастап, еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты жырлаған бірден бір жан болса, бұл Әзілхан Нұршайықов. Мен оның ең кіші немересі — Әлия Нұршайықова. Алматы қаласындағы №12 қазақ тілді көпсалалы гимназияны бітірген соң, ҚМЭБИ-де халықаралық журналист және PR-мамандығын бітіріп шықтым. Мамандық таңдауда оның жолын қуғанымды естіген атам аса қатты қуанды, себебі оған дейін мен көркемөнер саласына түспекші болып жүргенмін. Осы мамандықты таңдағаным үшін тарту ретінде атам оқу төлемақысының басым бөлігін өзі төлеп берді, сол арқылы менің болашағыма даңғыл жол ашты десем де болады. Сол үшін де мен атама мәңгілік қары…

Жастық пен сұлулық мерекесі

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде аватарында ақ көйлек не смокинг кигендерді жиі көретін болдық. Жоқ, тойдың суреттерін айтып отырғаным жоқ, жастар арасында «Бал» деген жаңа тренд пайда болды. Және де, меніңше, бұл керемет тренд. «Қызғалдақтар Балына» дайындық бір айдан аса жүрді. Кастингтен өткеннен кейін, бірде бір сабақты өткізіп алмауға тырыстық. Өйткені ұйымдастырушылар: «кімде-кім 3 сабақты босатып алса, шараға қатыса алмайды» деген ережесі туралы алдын ала ескерткен болатын. Біздің жұбымыз бірден құрылды. ҚазҰУ-дің әлеуметтік желісін бірге жасап жүрген Данияр жұптар таңдалған кезде бірден маған қарама-қарсы тұрып алды, осылайша екеуіміз билейтін болдық. Күнделікті иіліп сәлемдесу (поклон), полонездік қадам, вальс негіздері, иықты тік ұстау, оң қолда бутоньерка ұстауға үйрене беру…

Аптаның қызықты материалдары #13

Астана қаласының "Жастар театры" Алматыда қонақта 22 сәуір күнінен бастап, Астана қаласының «Жастар» театры Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында өнер көрсетуді бастады. Дарынды жас әртістер театр шымылдығын«Ғайыптағы махаббат» атты спектаклімен ашты. Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектерiнен кұралған бұл театрдың өнерде өмір сүріп келе жатқанына 5-ақ жылдың көлемі болса да, бірталай асуды бағындырып үлгерді. Жастар театры 2007 жылдың 6 шілдесінде құрылып, ең алғаш рет «Шыңғысхан» спектаклін сахналаған болатын (жалғасы). Кешіріңіз, өте сәтсіз фильм түсіріпсіз! Біз білетін Жанна бұдан бұрын да көрерменді «Қарой», «Ойпырмай немесе менің қымбатты балаларым» фильмдерімен «таңқалдырған-ды». Бірінде -басты кейіпкерді туған анасын өлтіретін қанішер…

6
0
1907