Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ жатақханасына фото шолу
Құрметті оқырман, естеріңізде болса, бірнеше ай бойы біз қалалық кітапханаларға фото шолу жасаған болатынбыз. Ал осы аптадан бастап алматылық ЖОО жатақханаларына жасалған фото шолуымызды жариялай бастаймыз. Осы фото материалдар арқылы студенттердің тұрмыстық жағдайын көрсетіп, студенттік өмірімен таныс боламыз. Алғашқы жатақханамыз: Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің жатақханасы Жатақхана саны: 5Жатақханада тұру ақысы: 18 000 теңге (1 жылға)Бір бөлмеде: 5 студент тұрады. Жатақхана ішінде: Бір қабатта 2 асхана Душ Бір қабатта 2 әжетхана Интернет – ақысыз, сымды (әр бөлмеде) Кір жуатын орын автоматтандырылған машиналармен жабдықталған (тегін). Жатақханада: оқу залы, дискозал, интернет зал, сонымен бірге спортзал бар. Жатақхана тұрмысқа қажетті түрлі-түсті телевизор…