Мазмұнға өту
ArsenRenatuly

ArsenRenatuly

Сайтта 2017 ж. 22 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

17.06.2017 жыл Бүгін көптен күткен «Черкасай» тау жоталарына аттандық.\Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн, себебі бүгін "Туған елге тағзым 2017" жобасының ақтық кезеңі. Күннің басында біз Текелі қаласына жол тарттық.Бұл жерде біз тағыда жоғарыға көтерілдік.. Қиын жолды бағындырып, осы жердің керемет табиғатына тамсандық. Ақтөбелік достарымызбен бірге 15 метрлік субұрқаққа дейін жол жүрдік. Табиғаттың әсем жарытылысына таң қалып, қуандық. Саяхаттау кезінде өмірлік тәжірибелерді үйрендік.Алматы және Талдықорған қалаларының мектептерінің ұжымына бізді қабылдағандары үшін алғысымызды білдірдік.Мектеп оқушылары бізге ұмытылмас кеш сыйлап, уыр саяхаттан кейін көңілімізді көтерді. Сонымен қатар Ақтөбелік достарымызда бізге ұмытылмас естеліктер сыйлады.Бұның барлығы әрине «Туған елге тағзым» жобасын…

0
0
332

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

16.06.2017жыл Бүгін біз Алматы қаласынан Талдықорған қаласына жолға жықтық.Жол жартысында Тамғалы тас атты жартас топтарына тоқтадық. Ол жер көбінесе үлкен тасты тауларымен танымал екен.Тарихи тұрғыдан қарастырар болсақ, осы жерде қазақ тарихын көрнекілейтін «Көшпенділер» фильмі түсірілген.Одан соң Талдықорған қаласына жолға шықтық.Талдықорған қаласындағы достарымыз бізді құшақ жая қарсы алды.Одан соң біз Мухаммеджан Тынышбаев атындағы мұражайға бардық.Мұхаммеджан Тынышбаев негізінен теміржолшы болғанымен , оның тарих зерттеудегі кей қырлары болған ,сондықтан бұл мұражай оның атына берілген.Бұл жерден білген маңызды ақпарат ол 28 панфиловшының 11 сарбазы Алматы облысының тумалары болған.Содан кейін Бикен Римов атындағы Алматы облысының драма театрына бардық. "Дертке дауа-Хақ жолы" атты қо…

0
0
226

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

15.06.17 Бүгін де әдеттегідей сағат 7:30 шамасында ұйқыдан тұрдық.Таң атысымен Есік қорғанына жол жүрдік .Есік қорғаны тау баурайында орналасқан, археологиялық қазбалар жүргізілген жер. Қорған ортасында музей орналасқан. Бұл музейде әлемге әйгілі қазақ елінің өркениетін паш ететін «Алтын адам» атты экспонаты орналасқан.Алтын адамның қылышында 11 жануардың белгісі бейнеленген.Мен осы күнге дейін музейдегі қыш құмыраларға өте көп мән берген жоқ едім.Бірақ бүгінгі экскурсия жүргізушісі қыш құмыралардың бойында соны жасаған адамның саусақ іздері қалатынын айтты.Сол саусақ іздерін жаңа технологияларға еңгізу арқылы қыш құмыраның пайда болған кезеңін және кімнің жасағанын анықтауға болады .Бұл сол заманның адамдарының жануарларға құрмет көрсетіп оларға сенгендігін көрсетеді.Содан соң Талдықорға…

0
0
400

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

14.06.2017 жылы Бүгін таңертең сағат 7: 30 шамасында ұйқыдан ояндық.Таңғы ас ішкен соң Қ. Сатпаев атындағы республикалық мұражайға бағыт алдық.Бұл мұражайда Қазақстан жерінен табылған тау жыныстарының түрлері сақталған. Бұл мұражайдың ерекшелігі оның жер астында орналасуында.Экскурсия жүргізуші бізге әртүрлі металлдардың шығу тарихын айтып,сонымен қатар сол металлдардың қоспаларымен таныстырды. Бұл музейде палеонтология қабырғасы да орналасқан.Мұражайдан шыққаннан соң , қала орталығында орналасқан «Тәуелсіздік алаңына» бет алдық.Алаң конус тәрізді салынған.Артқы жағында кемпір мен шал отырып, алдынғы жағында 2 жүйрік үстіндегі жас жігіттердің бейнеленуі ата-бабаларымыздың жастарға сеніп ,олардың болашағын қадірлегенін білдіреді.Бұл алаңда тәуелсіздіктің қалай жеткені суреттелген.Тіпті Екі…

0
0
315

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

13.06.2017 жыл
Бүгін сағат таңғы 7:30 дар шамасында ұйқымыздан тұрдық.Содан соң таңғы асымызды ішіп алып , әлемге әйгілі «Шымбұлақ» курортына жол жүрдік. Ең алдымен көзге түскені бұлтпен таласқан таулар,ормандар және мұздықтар.Көліктен түскен соң арқан жолмен «Шымбұлақ» курортына көтерілдік.Тау шыңына шығу арқылы оның өте қиын екеніне және көп жаттығуды талап ететініне көзіміз жетті . «Шымбұлақ» ол әлемдегі ең үздік тау маңайындағы курорттардың бірі.3-4 сағат тау үстіндегі серуеннен кейін мектепке оралдық. Түскі ас ішіп алып тынықтық.Күш жинаған соң тұнғыш елбасымызға арналған саябаққа бет алдық.Саябақта серуендеп , елбасы ескерткішімен естелікке суретке түстік.

0
0
287

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

12.06.17 жыл Бүгін сағат 14:00 шамасында біз Атырау қаласындағы ХББ НЗМ бір топ оқушылары «Туған елге тағзым» жобасы бойынша Алматы қаласына келіп тоқтадық.Бізді қонақжай Талдықорғандықтар қарсы алды. Алматы қаласындағы ХББ НЗ мектебіне орналасқаннан кейін тамақтанып алып ҚР мемлекеттік ұлттық мұражайына аттандық. Ұлттық музей тау баурайында орналасқан.Ең алдымен көзге түскені: архитектура,өлшемі және табиғаты.Музей 5 залдан тұрады.Бірінші залы палеонтология ғылымына арналған.Қазақстан жерінде 22 түрлі динозавр табылған.Олардың көпшілігі Қостанай өңіріндегі қазба жұмыстары кезінде табылған .Негізінен динозаврлар 3-ке бөлінеді.Олар: су асты динозаврлары (Тлиозавр,Плезиозавр), жер үсті динозаврлары (Бронтозавр,Триператопс,Стегозавр),аспан динозаврлары(Проафис,Диморфодон,Рамародинх) Екінші з…

0
0
440