Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

 

15.06.17 Бүгін де әдеттегідей сағат 7:30 шамасында ұйқыдан тұрдық.Таң атысымен Есік қорғанына жол жүрдік .Есік қорғаны тау баурайында орналасқан, археологиялық қазбалар жүргізілген жер. Қорған ортасында музей орналасқан. Бұл музейде әлемге әйгілі қазақ елінің өркениетін паш ететін «Алтын адам» атты экспонаты орналасқан.Алтын адамның қылышында 11 жануардың белгісі бейнеленген.Мен осы күнге дейін музейдегі қыш құмыраларға өте көп мән берген жоқ едім.Бірақ бүгінгі экскурсия жүргізушісі қыш құмыралардың бойында соны жасаған адамның саусақ іздері қалатынын айтты.Сол саусақ іздерін жаңа технологияларға еңгізу арқылы қыш құмыраның пайда болған кезеңін және кімнің жасағанын анықтауға болады .Бұл сол заманның адамдарының жануарларға құрмет көрсетіп оларға сенгендігін көрсетеді.Содан соң Талдықорғандық ағайлардың ұсынысы бойынша Іле-Алатау саябағына бардық. Бұл жердегі табиғаты өте керемет.Асу таулар, тұнық көл, биік ормандар. Тарихи тұрғыдан қарастырсақ Есік көлі 1939 жылдан бастап туристтердің көзіне түскен.1963 жылы 7 шілде күні селдің әсерінен ірі табиғи апат болды.Бұл апат мыңдаған адамдардың өмірін алып кетті.Табиғат аясында түскі ас ішіп алған соң АШИМ форель шаруашылығына бардық. Бұл шаруашылықта форель балығының жас бойынша орналасқан 3 бассейн бар.Естелікке суретке түскеннен соң мектепке оралдық

0
0
399

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы - Yvision.kz