Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

 

14.06.2017 жылы
Бүгін таңертең сағат 7: 30 шамасында ұйқыдан ояндық.Таңғы ас ішкен соң Қ. Сатпаев атындағы республикалық мұражайға бағыт алдық.Бұл мұражайда Қазақстан жерінен табылған тау жыныстарының түрлері сақталған. Бұл мұражайдың ерекшелігі оның жер астында орналасуында.Экскурсия жүргізуші бізге әртүрлі металлдардың шығу тарихын айтып,сонымен қатар сол металлдардың қоспаларымен таныстырды. Бұл музейде палеонтология қабырғасы да орналасқан.Мұражайдан шыққаннан соң , қала орталығында орналасқан «Тәуелсіздік алаңына» бет алдық.Алаң конус тәрізді салынған.Артқы жағында кемпір мен шал отырып, алдынғы жағында 2 жүйрік үстіндегі жас жігіттердің бейнеленуі ата-бабаларымыздың жастарға сеніп ,олардың болашағын қадірлегенін білдіреді.Бұл алаңда тәуелсіздіктің қалай жеткені суреттелген.Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерліктер де айқын көрінеді.Мысалға,Әлия Молдағұлова ,Мәншүк Мәметова секілді ару апаларымыздың ерлігі алаңда айқын орын алған.Алаңнан шыққаннан соң, мектептен тамақтанып алып, «Көк төбе» саябағына жол тарттық . Арқан жол арқылы көтерілген кезде қаланың бүкіл келбеті көз алдына сыйып кетеді. «Көк төбе» саябағында зоопарк , ойын-сауық орталығы , мейрамханалар орналасқан. 3-4 сағат серуен кезінде бізді «Қазақстан» ұлттық телеарнасы өзінің кезекті репортажына түсіріп үлгерді.

0
0
314

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы - Yvision.kz