Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

16.06.2017жыл
Бүгін біз Алматы қаласынан Талдықорған қаласына жолға жықтық.Жол жартысында Тамғалы тас атты жартас топтарына тоқтадық. Ол жер көбінесе үлкен тасты тауларымен танымал екен.Тарихи  тұрғыдан қарастырар болсақ, осы жерде қазақ тарихын көрнекілейтін «Көшпенділер» фильмі түсірілген.Одан соң Талдықорған қаласына жолға шықтық.Талдықорған қаласындағы достарымыз бізді құшақ жая қарсы алды.Одан соң біз Мухаммеджан Тынышбаев атындағы мұражайға бардық.Мұхаммеджан Тынышбаев негізінен теміржолшы болғанымен , оның тарих зерттеудегі кей қырлары болған ,сондықтан бұл мұражай оның атына берілген.Бұл жерден білген маңызды ақпарат ол 28 панфиловшының 11 сарбазы Алматы облысының тумалары болған.Содан кейін Бикен Римов атындағы Алматы облысының драма театрына бардық. "Дертке дауа-Хақ жолы" атты қойылымын тамашалыдық.Және ол қойылымның тәрбиелік мәні өте зор болды.Қазіргі заман көрінісін,айқын ақиқатпенен ,әртістер рөлдерін өте жоғары деңгейде сомдайды.

0
0
227

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы - Yvision.kz