Сингапур Қазақстанмен мемлекеттік мекемелерді жекешелендіруді жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісуге әзір
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген Сингапур Республикасының Құрметті аға министрі, бұрынғы Премьер-министрі, Парламенттің депутаты Го Чок Тонгпен кездесті, деп хабарлады Сенат. Қ.Тоқаев Қазақстанда Сингапур жоғары деңгейде дамыған, көп ұлтты мемлекет ретінде шынайы құрметке ие екенін атап өтті. Сингапурдың тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Ю 1991 жылы Қазақстанға келгені, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1996 және 2003 жылдары Сингапурға сапарлары екіжақты байланыстардың берік негізін қалады, сондай-ақ алдыңғы саптағы мемлекетті құруда Сингапур тәжірибесін мұқият зерделеудің мүмкіндігіне ие болды. Төраға Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі, сондай-ақ еліміздегі бес институттық реформаны іске асырудағы ұлт жоспарының орындалуы туралы әңгімеледі. Сенат…