Қ.Бишімбаев: Жыл соңына дейін Қазақстанда 6,8 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
Биыл қаржыландырудың барлық бағыттары бойынша жалпы соммасы 750 млрд. теңгені құрайтын 9 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Бірінші жартыжылдықтың жетістіктерін ескере отырып, қаңтар айына дейін тағы 6,8 мың отбасы жаңа үйге кіретін болады, деп Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Барлық дереккөздердің есебіне орай, 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 14 пайызға ұлғайды – 6,37 млн шаршы метрге дейін. Ағымдағы жылы жалпы соммасы 750 млрд. теңгені құрайтын 9 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр»,-деді Қ.Бишімбаев.
Сонымен қатар, министрдің айтуы бойынша, ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысын ынталандыруға қосымша 360 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 53 млрд теңге бағытталды, несиелік тұрғын үйдің құрылысына – 127 млр теңге, коммерциялық тұрғын үйдің құрылысына – 97 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға-61 млрд теңге, ҚТҚЖБ салымшыларын несиелендіру үшін – 22 млрд теңге бағытталды.
«Оның нәтижесінде, мемлекеттік қаражат есебінен 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезіңінде 22,6 мың отбасыға тұрғын үй берілді және ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы 33,0 мың пәтер салынатын болады»,-деді ҚР ҰЭМ басшысы.
«Нұрлы жол» бағдарламасы 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы м тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлауда.
Айта кетейік, соңғы 25 жылдың ішінде 113,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осының арқасында 1 млннан астам отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді.
«Жалпы, ШОБ-тың ЖІӨ-ге қосқан үлесі қазір 24,9% -ды құрайды.Аталмыш көрсеткішті ұлғайту үшін, Мемлекет басшысының бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, біз экономикалық тұрғыдан халықтың құзыретін белсенді арттыру, шағын несие жүйесін кеңейту және жетілдіру бойынша жұмыстар әзірлеудеміз»,-деді Қ.Бишімбаев.
Оның айтуынша, елімізде бизнес ахуалды жақсарту үшін Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтінгі бойынша жұмысының аясында заңнаманы реформалау бойынша жұмыс жалғасын табады.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
