Қазақстандық жоғары өңделген тауардың экспорты 200 млн долларды құрады – ҰЭМ
Қазақстандық жоғары өңделген тауардың экспорты 200 млн долларды құрады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
«Кәсіпкерлік қызметті белсенді несиелеу есебінен құрылыстағы (6,7%-ға), көлік саласындағы (4,2%-ға), ауыл шаруашылығындағы (4,9%-ға) және өңдеуші өнеркәсіптегі (0,7%-ға) өнім шығару ұлғайтылды», - деді ол.
Министр атап өткендей, экспорт құрылымында сонымен қатар шикізат емес тауарлардың үлесі ұлғайды. Жоғары айналымды өнімнің экспорты өсті – тағам өнеркәсібінің (қанттың және кондитерлік өнімдердің 78,6%-ға 19,8 мың тоннаға дейін – 17,1 млн. АҚШ доллары; ет пен ет өнімдерінің 7,7%-ға 6,6 мың тоннаға дейін – 9,9 млн. АҚШ доллары), химиялық тыңайтқыштардың (62,2%-ға 125,7 мың тоннаға дейін – 27,8 млн.АҚШ доллары) дайын металл өнімдерінің (мойынтіректердің 36,1%-ға 8,6 мың тоннаға дейін – 18,4 млн.АҚШ доллары).
«Аталған позициялар бойынша дайын өнімнің экспорты 2015 жылдың қаңтар-маусымы үшін 184,1 млн. АҚШ долларынан а.ж. қаңтар-мауысымы үшін 197,7 млн АҚШ долларына дейін өсті, солайша жалпы экспортқа үлесті 0,7%-дан 1,2% дейін ұлғайды», - деді министр.
Министрдің айтуынша, биыл несиелік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 млрд теңге қарастырды, ал облигация жолымен 38,2 млрд теңге шығарылды.
Облигация сомасының төмендеуі Павлодар (1,6 млрд тенге), Қостанай (1,2 млрд тенге), Алматы (558 млн тенге) және Атырау облыстарында (69 млн тенге) байқалды.
«Бүгінде тартылған қаржыларды игеру 17 нысан бойынша Алматыда әлі басталмады, сол сияқты ОҚО-да 11 нысан, Алматы мен Атырау облысында алты нысаннан, БҚО, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 4 нысан, Қарағанды облысында 3 нысан, ШҚО-да екі нысан бойынша жұмыстар басталмады», - деді министр.
ҰЭМ басшысы айтқандай, биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жергілікті тұрғын үй құрылысына жүргізу үшін 110,9 млрд теңге бөлінді. НТҚ құрылысына бөлінген қаржыны игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр.
Ал қаржы төмен игеру көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан және Астанада байқалып отыр. Қ.Бишімбаевтың айтуынша, әкімдіктер құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, жыл соңына дейін қаржыны толық игерулері керек.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
