Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

ҰҚК: Қазақстанда лаңкестiкке дайындалған 7 радикалды топтың жол кесілді

Қазақстанда лаңкестiк акт дайындаған 7 радикалды топ пен 4 адамның жолы кесiлдi. Бұл туралы бүгiн ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында мәлiмдедi. «Ақтөбе мен Алматыда орын алған соңғы жағдайлар осы саладағы заңдық негiздерге өзгерiстер мен толықтырулар қажеттiлiгiн туындатқан индикаторларға айналды. Сол себептен Мемлекет басшысы 10 маусым күнi Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнаманы жетiлдiруге қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын», - дейдi М.Қалқабаев. Оның айтуынша, бүгiнгi таңда қақтығыс аумағынан тыс жерлерде терроризм кең етек ала бастады. Интернетте терроризм идеяларын насихаттаумен қатар, түрлi елдерде азаматтарды лаңкестiк актi жасауға…

0
0
520

Брюссельде «ЕО – Орталық Азия» министрлік конференциясы өтті

Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Ынтымақтастық кеңесінің 15-отырысы өтті, деп хабарлады СІМ. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал Еуропалық Одақтың делегациясын Словакия Сыртқы істер министрі (қазіргі кезде ЕО-ға төрағалық етуші ел) Мирослав Лайчак басқарды. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың өзара іс-қимыл жасауға жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) уақытша қолдана басталғаннан кейін алғаш рет осы іс-шараның өткені ағымдағы Ынтымақтастық кеңесінің ерекшелігі болып табылды. Ынтымақтастық кеңесінің қатысушылары сауда мен өзара инвестицияның, энергетика мен көлікті дамытудың, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар саяси ынтымақта…

0
0
402

Германияда Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары бағаланды

Брюссель қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен «ЕО – Орталық Азия энергетикалық диалогы» тақырыбына Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) 18-ші отырысы өтті. Іс-шараға неміс тарапынан Германия экономикасы жөніндегі Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс, Еуропалық одақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің өкілі Михаэль Флюггер, ГФР бұрынғы экономика министрі Михаэль Глос, ГФР ІІМ бұрынғы статс-хатшысы Аугуст Ханнинг, Еуропалық комиссияның Энергетика жөніндегі бағдарламалық директоры Ханс Райн, жетекші неміс саясаткерлері Александр Рар және Матиас Дорнфельдт, сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін өндірумен және тасымалдаумен айналысатын жетекші еуропалық компаниялардың елуден астам өкілдері қатысты. Е. Ыдырысов ө…

0
0
604

Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесті. Бүгін Мемлекет Басшылары ҚР мен РФ-ның ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бүгін таңертең Владимир Путин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Ресейлік делегацияның құрамында министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік әріптестер, соның ішінде Ресей субъектілерінің губернаторлары жұмыс істейді. «Сіздерді парламенттік сайлаудың, өңірлік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын. Бұл Сіз үшін және Ресей үшін үлкен жеңіс. Ол президенттің жоғары беделін көрсетеді. Осы жылы біз сегізінші рет кездесіп отырмыз және осы кездесу өте маңызды. Біз Сочиде келіскендей, біздің үкімет те жақсы жұмыс істеді», — деп қарсы алды РФ басшысын Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында мем…

0
0
717

Екі жыл ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы аясында Ресейдегі жолдардың құрылысы аяқталады

Екі жыл ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы аясында Ресейдегі жолдардың құрылысы аяқталады, деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы барысында. Жиынға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев пен Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары - Статс-хатшы Сергей Аристов төрағалық етті. Панельді сессияда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың автомобиль, темір жол, теңіз және әуе көліктері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы автомобиль жолдарын дамыту сияқты негізгі мәселелер талқыланды. Қазақстанның темір жол және автомобиль жолдарының Ресейдің ірі шекаралық аймақтарына шығу жағы қамтамасыз етілген. Бұл Қытайдан Еуропал…

0
0
369

Қазақстан мен Ресей 3 млрд. доллардың 56 құжатына қол қояды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін қазақстандық-ресейлік форум қорытындылары бойынша шамамен 3 млрд. АҚШ долларына жуық жалпы сомасына 56 екі жақты құжатқа қол қою күтілуде, деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар. Астанада «Еуразиялық кеңістіктің көлік логистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбына Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде. Осы форум аясында екі жақтың іскерлік топтарының қатысуымен қазақстандық-ресейлік бизнес-форум өтуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда экономиканың мұнай және газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыш саласындағы ынтымақтастық сияқты салаларында, атом энергиясын бейбіт жолмен пайдалануда ресейлік қатысумен 6 мың 453 компания сәтті жұмыс істеп келеді. Баспасөз…

0
0
476

Н. Назарбаев ресейлік бизнесті жекешелендіруге қатысуға шақырды

Елдегі инвестициялық ахуалдың қолайлылығы туралы ресейлік кәсіпкерлерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІІІ форумы барысында айтып өтті. «Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартумен, экономиканы әртараптандырумен белсенді айналысып келеді. Ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар түсімі соңғы 15 жыл ішінде 260 млрд. долларды құраған, осының есебінен жақсы өсім байқалды. Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі рейтингінде Қазақстан әлем бойынша 41-орынды алады. Біз ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне шығу үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде экономиканы біртіндеп жаңартуды жалғастырып келеміз», - деп ақпараттандырды Мемлекет басшысы. ҚР Президенті Қазақстан «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырып және әлемнің бә…

0
0
300

В.Путин: Ресей ҚР-мен тауар айналымын тұрақты өсім жағдайына келтіруге мүдделі

Ресей ҚР-мен тауар айналымын тұрақты өсім жағдайына келтіруге мүдделі. Бұл туралы РФ басшысы Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында айтты. «Ресей үшін Қазақстан – стратегиялық серіктес пен одақтас. Біздің ынтымақтастығымыз көпжоспарлы және ортақ көзқарас арқылы кезеңімен даму үстінде. Біздің ынтымақтастығымыз сауда және инвестициялық байланыс бойынша жоғары деңгейге шықты», - В.Путин. В.Путин хабарлағандай, күрделі жағдайда екі елдің іскерлік қауымдастығының қолдауымен Ресей болашақта Қазақстанмен тауар айналымын тұрақты өсімге шығаруды қайта қайтару жолында еңбек етеді. «Біз барлық бағыт бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз. Сіздің бастамаңызбен өткізіліп отырған өңіраралық форумға Қазақстанмен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізетін Ресейдің 400…

0
0
372

Бас прокуратура алименттер бойынша жағдайды өзгерте алатын 30 шара әзірледі

Алименттерді өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурор Жақып Асанов 3 жылдың ішінде алимент бойынша 13 мыңнан астам борышкерге елден шығуға, көлік басқаруға тыйым салынғанын атап өтті. Бас прокуратурада сараптама тобы құрылды, ол алимент төлемеудің себептерін анықтады және «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі, деп хабарлады ведомство. Бас Прокурор жұртшылықты жобаның іске асырылуына қолдау көрсетуге және белсенділік танытуға шақырды. Алименттер өндіріп алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстанда ортақ қамқорлық институтын енгізу ұсынылды. «Әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша, алимент төлегісі келмеу себептерінің бірі борышкерлердің өз балаларымен араласу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Сонымен қатар әкелер мен ба…

0
0
868

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы елдер арасындағы жүк айналымын арттыруға мүмкіндік береді

Астанада өтіп жатқан Ресей мен Қазақстан арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық Форумы шеңберінде «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қизатов Ермек және «Российские автомобильные дороги» Мемлекеттік компаниясының Басқарма төрағасының қаржы саясаты жөніндегі бірінші орынбасары Алафинов Иннокентий жаңа технологияларды енгізу және жол құрылысы саласы бойынша келісім және әріптестік Меморандумына қол қойды. Ұлттық компания хабарлағандай, екі жақ автомобиль жолдарын жобалау, қайта жаңарту, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сондай-ақ, ірі өңірлік инвестициялық жобалар бойынша, жолдардағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен интелектуалды көлік жүйесін енгізу және пайдалану саласында ынтамақтастықты да жоспарлап отыр. Оған қоса, Форум шеңберінде «ҚазАв…

0
0
574