Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Ақтөбе облысының 12 аудан орталығы жыл соңына дейін газдандырылады

2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысының 12 аудан орталығы көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Назарбаев Университетінде білім алып жатқан ақтөбелік студенттермен кездесу барысында мәлімдеді. Облыс әкімі студенттерге өңірдің экономикалық, мәдени және әлеуметтік саласындағы жетістіктерін жеткізіп, Тәуелсіздік жылдары алынған белестерді алға тартты. Атап айтсақ, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы өңірдің экономикалық ахуалы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, әлеуметтік-қоғамдық жағдай мен жаңа өндірістердің құрылыстары тілге тиек болды. Өңір тұрғындарын су, жылу, газ, электрмен қамту мәселесі бойынша Бердібек Сапарбаев жақын айларда Ырғыз және Уіл ауылдары газбан қамтылады, 2016 жылдың соңына қарай облыстың…

0
0
804

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің бірі – мемлекеттік қызметшілерді даярлау жүйесін қалыптастыруы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстанның саяси мемлекеттік қызметі: қалыптасу және даму кезеңдері» атты форумға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) алғашқы түлектерінің 20 жылдығына арналған форумды ұйымдастыруға ҰЖМБМ түлектері қауымдастығы, Мемлекеттік қызметтің өңірлік хабы, Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласы әкімдігі және өзге де ұйымдар атсалысты. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан қоғамының бірлігін қамтамасыз ету және тәуелсіз мемлекеттің дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін елдің саяси мемлекеттік қызметін жетілдірудің жаһандық трендтері мен жолдарын талқылау. Форум жұмысына мемлекеттік органдард…

0
0
396

Халықаралық бейбітшілік бюросының Конгресіне қатысушылар ҚР-ның ядроға қарсы саясатын қолдады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерболат Сембаев Берлиндегі «Бейбітшілік пен табиғатты сақтау үшін қарусыздандыру» тақырыбына өткен Халықаралық бейбітшілік бюросының (IPB) Дүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысты», деп хабарлады ҚР СІМ. Пленарлық сессия барысында Е. Сембаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық таратпау және қарусыздандыру саласындағы, соның ішінде әскери бюджеттердің 1%-ын тұрақты даму мақсаттарына бөлу жөніндегі бастамаларына арналған ҚР Сыртқы істер министрінің сәлемхатын оқыды. Кездесуге қатысушылар арасында SIPRI Дүниежүзі проблемалары Стокгольм халықаралық институтының осы мәселесі бойынша шолу баяндамасы таратылды. Сондай-ақ, ведомствоның ақпараты бойынша, конгресс алаңдарында қазақстандық дипломат IP…

0
0
860

Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Астанада өткен «Жастар саясатын жүзеге асыру мен қалыптастырудың ерекшеліктері» халықаралық ғылыми-конференциясы барысында айтты. «Дүниежүзілік банкпен серіктестік аясында Қазақстанда 7 млрд теңге ауылдық жастарды оқытуға бағытталады. Бұл жоба биыл және келесі жылы жүзеге асырылады. Қазір басқарушы ұжымды қалыпастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол. Аталмыш топ БҒМ арқылы ауылдық елді мекендерге жастармен жұмыс істеу үшін модельденеді. «Қазір жастар арасында өзекті мәселелер өте көп. Оның ішінде Қазақстандағы жастар саясаты үш ірі бағыт бойынша жалғасып жатыр. Бұл жастардың өзін-өзі дамытуларына жағдай жасау, яғни төртін…

0
0
499

Ерғали Бөлегенов: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды

Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында жоспарлау саясаты мен ұзақмерзімді даму және экономикалық өсімді, нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды.Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Беларусь Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов мәлімдеді. «Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында жоспарлау саясаты мен ұзақмерзімді даму және экономикалық өсімді, нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды. Жыл санап елдің мәртебесі әлемдік алаңда нығая түсті, мемлекетаралық қарым-қатынас та дами бастады», - деді Е.Бөлегенов. Дипломат айтып өткендей, Қазақстан мен Беларусь елі халықтарының жаңа қарым-қатынасы 1991 жылдан кейін басталды. «Қазақстан мен Беларусь Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 16 қыркүйегінде орнаты…

0
0
533

Р.Жақудина: Судьялардың VII съезінің негізгі мәселесі Этикалық кодекстің жаңа редакцияда қабылдануы болады

Судьялардың алдағы VII съезіндегі негізгі мәселе Этикалық кодекстің жаңа редакцияда қабылдануы болады, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының судьясы Роза Жақудина өзінің Strategy2050.kz АА берген сұхбатында. «Судьялардың алдағы VII съезінде қаралатын негізгі мәселе Этикалық кодекстің жаңа редакцияда қабылдануы болады. Судьяларға қойылатын талаптар жыл сайын ұлғаюда, оларға жүктелетін жауапкершілік артуда. Судьялар да барлық адамдар тәрізді қателеседі, бірақ күрделі теріс әрекеттерді жасау олардың қызметтік өкілеттіктерін одан әрі орындауына мүмкіндік бермейді», - деді Р. Жақудина. Судьяның айтуы бойынша, Қазақстанда судьялардың қызметін этикалық реттеудің өз тарихы бар. «Сот этикасының бірінші кодексін Судьялар одағының Бірінші съезі 1996 жылғы 19 желтоқсанда қабылдаған. Кодекс не бары 7 бапта…

0
0
765

ҚР ИДМ теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдаушыларын анықтау бойынша байқау өткізеді

Министрлік ағымдағы жылғы қазан айының соңында шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын 60 әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізуді жоспарлап отыр. Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, конкурс нәтижесі бойынша субсидиялау туралы шарттар 20 жылға дейінгі мерзімде жасалатын болады. Аталған шарттың өзгешелігі оған жолаушылар вагон парктерін жандандыру бойынша міндетті талаптарды енгізу және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тасымалдаудың шарттарын қамтамасыз ету болып саналады. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау туралы шарттар аясында қызмет көрсетілетін тасымалдаушылармен маршруттарды дамыту қарастырылады.Бұлар…

0
0
471

«Мексика-Қазақстан» парламенттік достастық тобы Мексиканың депутаттар конгресінде құрылды

Мексика Құрама Штаттарының депутаттар Конгресінде (Мексика Парламентінің төменгі палатасы) Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің бастамасымен «Мексика-Қазақстан» парламенттік достастық тобы құрылды, деп хабарлады ҚР СІМ. 2016 жылғы 29 қыркүйекте мексикандық заң шығарушы органының ғимаратында Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов және Елшілік дипломаттарының қатысуымен аталған топты құрудың ресми рәсімі болып өтті. Іс-шараға сондай-ақ Конгресс депутаттары - «Мексика-Қазақстан» тобының мүшелері, Мексиканың Сыртқы істер министрлігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімді «Мексика-Қазақстан» тобының төрағасы, мексикандық Парламенттің төменгі палатасының депутаты Хосе Рефухио Сандовал Родригес кіріспе баяндамасымен ашты. Өз сөзінде ол қазіргі Қазақ…

0
0
503

С. Ли: Бір жеке сот орындаушысы республиканың 13 мың тұрғынына қызмет көрсетеді

Қазіргі таңда жеке сот орындаушыларының портфелінде 1 млн 560 мың орындалуы қажет құжат бар, оның ішінде 60 мыңы әлеуметтік маңызды санат бойынша алиментті төлету және еңбекақы қарызын өтеуге бағытталған құжаттар. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы Сергей Ли Астанада жеке сот орындаушыларының мәселесіне қатысты өткен халықаралық конференция барысында айтты. «Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында сот жүйесі реформасының аясында бірқатар институционалдық шешімдер жұмыс істейтінін айтты, оның бірі жеке сот орындаушыларының институтын дамыту болып табылады. Аталмыш институт 2010 жылы «Атқарушы өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң бойынша енді. Алғашқы жеке сот орындаушылары мен өңірлік ж…

0
0
599

Сенат ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану келісіміне енген өзгерістерді қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. «Аталған Келісім 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД мемлекеттері үкіметтерінің басшыларымен қол қойылған болатын.Келісімнің қабылданған сәтінен бастап ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қалыптасты». - деді ол. Осыған орай, ТМД үкімет басшыла…

0
0
380