Астанада жаңа Qazaq Air әуе компаниясының тұсаукесері өтті
Астана әуежайында, 100 % акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тисесілі Қазақстандағы жаңа Qazaq Air әуе компаниясының тұсаукесері өтті. 6-шілде күні жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 6 минутта Алматы қаласынан елордасы Астанаға отандық әуе тасымалдаушының алғашқы ұшағы келіп қонды. «Компания ішкі рейстердегі 12 бағыт бойынша тасымал жасайды. Билет бағасы әдеттегі әуе рейстері билеті тарифінен арзан болады», - дейді Qazaq Air басшылары. «Бомбардир Q-400» маркілі 3 ұшақ Канададан арнайы әкелінген. Олардың әр қайсысының құны 27 млн. доллар екен. Ұшқыштардың сөзінше, шағын ұшақ 78 жолаушыға арналған және -54 градустан + 50 градусқа дейінгі ыстықта еш қиындықсыз әуе тасымалдарын жасай алады. Қатысушылардың алдында Qazaq Air компаниясының жаңа буындағы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы көрсетіліп, компани…