Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел отырысында құрама жем өнеркәсібін қайта дамыту мәселесі талқыланды

«Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен «Құрама жем өнеркәсібін қайта дамыту - мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту мен ауылды дамытудың негізі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті, деп хабарланды Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Сондай-ақ, ауылды дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Осы саладағы істерді тілге тиек ете отырып, ауыл шаруашылығының вице министрі Сапархан Омаров аталмыш мәселені шешу жолдарының бірі республиканың құрама жем кәсіпорындарының өндірістік әлеуетін барынша қолдану екенін айтты.

«Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Өндірістің өсуі алдымен, ауыл шаруашылыға құрылымдарында мал басы мен құстардың артуына байланысты», - деп атап өтті вице-министр.

2006 жылдан бастап құрама жем кәсіпорындарын қолдау мақсатында Министрлік құрама жем құнына ішінара субсидия беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Жыл сайын мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін жем құнын арзандатуға мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына бөлінетін бюджет қаржысының көлемі артуда.

Жемшөптік дақылдарды егумен айналысатын ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер арзандатылған несие ресурстарын, жанар-жағар май материалдарын, минералды тыңайтқыштарды, шөпжойғыларды және басқа да материалды-техникалық ресурстарды пайдаланады, ауыл шаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы жарнасының пайызын арзандату бағдарламасына қатысады.

Сонымен қатар 2012 жылы ауыл шаруашылық министрі, облыс әкімдіктері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгроИнновация» АҚ арасында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алаңының құрылымын әртараптандыру бойынша 2012-2016 жылдарға арналған меморандумға қол қойылғандығы айтылды.

Бұған қоса вице-министр аталмыш саланың алға басуын тежеп тұрған мәселелерге де тоқтала кетті.   Дөңгелек үстелге парламентарий мен бірге «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ғылым мен агробизнес, үкіметтік емес сала  өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі

0
0
507

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел отырысында құрама жем өнеркәсібін қайта дамыту мәселесі талқыланды - Yvision.kz