Қазақстандық делегация Хельсинкиде ЕҚЫҰ 40-жылдығына өткізілген іс-шараға қатысты
Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына бастау берген, осыдан 40 жыл бұрын Хельсинкілік қорытынды актісіне қол қойылған «Финляндия Холл» тарихи конгресс сарайында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегация өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылшын. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.
ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.
Қазақстан бұл ұйымға 1992 жылы қаңтардың 30-ы күні мүше болып Хельсинкидің Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды.
Іс-шараға қатысушылар Ұйымның 40 жыл ішіндегі жұмысын қорытындылай, ЕҚЫҰ жұмысының тиімділігін арттыру мен жетілдіру жолдары бойынша пікір алмасты.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков бастаған қазақстандық делегация қатысты.
«Қазақстан делегациясының басшысы өз баяндамасында Астана декларациясының рухани ерекшеліктеріне сәйкес ЕҚЫҰ кеңістігінде бірыңғай қауіпсіздікті нығайту мен қауіпсіздік желісінің үзілуін болдырмау қажеттілігіне назар аударды. Халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту тұрғысында қазақстандық тарап сенім шараларын қамтамасыз етуді қоса алғанда қолда бар қауіпсіздіктің тәжірибелік тетіктері мен тәсілдерін жаңғыртуға шақырды», - делінген хабарламада.
Іс-шара шеңберінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерінің бейресми пікір алмасулары өткізілді. Еуропалық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге, соның ішінде Украинадағы шиеленістің ЕҚЫҰ аумағындағы тұрақтылыққа әсері аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар, сонымен бірге, ү.ж. желтоқсанда Белградта өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.
