Қостанай облысында жылына 500 тонна өнім өндіретін цемент зауыты салынуда
Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Рудный қаласының өндіріс нысандарының және коммуналдық нысандардың қайта жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Жас қанат - 2006» құс фабрикасы жұмыртқа өндіруді жылына 250 мың данаға жеткізуге мүмкіндік беретін кең ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Бұл осымен жаңғыртудың үшінші кезеңі, аталған инвестициялық жоба өңірлік Индустрияландыру картасына кірді. Оны жүзеге асыруға 1 миллион 43 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Кәсіпорын өнімдерін 100 пайыз саудаға салады. Кәсіпорын Қазақстанға қарағанда тұтынушылары көп болып табылатын Беларусь және Ресей елдерін есепке ала отырып, өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.
«Ең бастысы тек өнім өндіру емес, сонымен қатар, оны саудалау. Қазір рубльдің девальвацияға ұшырауына орай, көптеген кәсіпорындардың тауарлары тұрып қалып жатыр. Осындай жағдайды пайдалана отырып, өнімді саудалау нарығын кеңейтіп, тұрақты түрде өндірісті жаңғыртып отыру керек. Бұл 100 пайыз тиімді жоба»,-деді Нұралы Сәдуақасов.
Облыс әкімі, сонымен қатар, өнімділігі жылына 500 тоннаны құрайтын цемент зауытында да болды. Осы уақытта барлық нысандар бойынша жалпықұрылыс жұмыстары жүріп жатыр, құрылғыларды жөндеу, тетіктері мен құралдарды сайлау шаралары жүргізілуде. «Зауыт құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталмақ. Жобаны жүзеге асыруға 13 млрд теңге бөлініп, оның 10 млрды игеріліп үлгерді. Бұл ретте темір жол бағыттарын салу үшін тағы 400 млн теңге көлемінде тағы қосымша қаражат қажет. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктер мен банк құрылымдары арқылы несиелендіру шаралары пайдаланылатын болады»,-деді «Рудненск цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Николай Ведерников.
Облыс басшысы жылу желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. «Рудненск жылу желісі» ЖШС-і өз қаржысының есебінен Рудный қаласындағы ұзындығы 8 км болатын және Қашар ауылындағы ұзындығы 1 км магистральды жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б. Мурзин атап өткендей, ағымдағы жылы 7,2 млрд теңгеге 40 жобаны іске қосу жоспарланған. Оларды пайдалануға беру 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы ретте мал шаруашылығына басымдылық берілгенін айта кеткен жөн. Осы жылы мал шаруашылығы саласында 14 инвестииялық жоба, 7 мал семірту алаңы, 5 репродуктор-шаруашылығы, сүт-тауар фермасы, құс фабрикасы бар.
Өсімдік өсіру саласында 13 жоба – олар 12 бидай сақтау қоймасы мен 1 жылыжай. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында 13 жобаны іске қосу көзделген, олар 2 өсімдік майын қайта өңдеу цехы, 3 етті өңдеу цехы,3 сүтті өңдеу бойынша кәсіпорын, 3 нан және нан өнімдерін өндіру цехы.
Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында 12 жоба іскеқосылды, оның ішінде 1 жоба Индустрияландыру картасының республикалық телекөпірі барысында пайдалануға берілді. Ол «Көшбасшы-2010» ЖШС-ның сүт жәнесүт өнімдерін өндіру бойынша цехы болатын Аталмыш цех Рудный қаласында орналасқан. Жалпы құны 1,2 млрд теңге және 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған 28 жобаны іскеқосу екінші жарты жылдыққа көзделген.
Жалпы, аймақта шетелдік инвесторларды АӨК саласына тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Облыс әкімінің айтуынша, агроөндіңріс кешені ел экономикасының өзге салаларындағы қиыншылықтарды ескере отырып оған қолдау көрсетуі және өсіміне септігін тигізуі керек. Сондықтанда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан»,«Ырыс» сынды бағдарламалардың жүзеге асырылуына көбірек көңіл бөлген жөн.
