Астанада Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің елшілерімен кездесті, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Оның барысында жұмыстың негізгі нәтижелері және қорытындылары, сондай-ақ алдағы жылы Алматы процесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды. «Іс-шараға БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының Аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты», - делінген хабарламада. Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов мигранттар мен босқындардың құқықтары мен мүдделерін ескеретін, е…