Қ.Жақыпов: Жастар туралы заңның орындалуы Үкіметтің назарында болуы тиіс
«Мемлекеттік жастар саясты туралы» жаңа заң Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және әрбір депутаттың назарында болуы керек, деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Қазақстан Парламент палаталарының бірлескен отырысында. Осы сессияның барысында заңнамалардың мақсат-міндеттері әлеуметтік жаңғыртумен сәйкес келетіндей етіп жаңғырту мәселесі басты назарда болды. Осыған байланысты, жаңа екі заң туралы ерекше айтып кету керек. Біріншіден, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, депутаттар бастамашы болып дайындаған «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заңы»,-деді Мәжіліс төрағасы. Оның сөзінше, мемлекет әсіресе бүгінгідей жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға экономика мен бюджетің мүмкіндіктеріне қарай білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік…