Қазақстанда жекешелендіру аясында 189 нысан сатылды – ҚР Қаржы министрлігі
2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 494 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 375 нысан жекешелендіруге жатады, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі. 2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 343 объекті шығарылды, оның ішінде 189 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 83, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге. Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 20 о…