Қазақстанда жекешелендіру аясында 189 нысан сатылды – ҚР Қаржы министрлігі
2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 494 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 375 нысан жекешелендіруге жатады, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
2015 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 343 объекті шығарылды, оның ішінде 189 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 9, коммуналдық меншік бойынша – 83, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 41.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 1 430 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 212 млн. теңгеден астам, Холдингтер 58 366 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 20 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 20 объекті шығарылды, оның ішінде 9 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 243 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 183 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 21 шілдедегі жағдайы бойынша 183 объекті шығарылды, соның ішінде 83 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 77 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 21 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 77 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 41 объект сатылды.
Жекешелендіру – экономиканы мемлекет иелігінен алу процесінің бір бөлігі болып табылады. Жекешелендіру өндірістік-дирактивті реттеу басымдылығынан оны нарықтық механизм негізінде реттеуге көшуді ұсынады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ата Заңы тұңғыш рет жеке меншік құқығын анықтады. Сол жылдары жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданылған болатын. Оның басты мақсаты – мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру, нарықтық экономикаға көшуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу болып табылады. Жекешелендірудің алғашқы толқыны 90-жылдары ел басшылығымен нарықтық экономика негізін құру мақстаында жүргізілді. Дегенмен, бірқатар кәсіпорындар мемлекеттің иелігінде қалды.
Бүгінгі таңдағы жекешелендіру толқыны нарықтық экономика негізін нығайту мақсатында жүргізіліп отыр. Бұл бағдарламаның басты идеясы – еліміздегі жеке бизнесті ары қарай дамытуға күш беру болып табылады.
Сонымен бірге, бұған дейінгі жекешелендіру бағдарламасына қарағанда бүгінгі таңдағы компания технологиялардың дамуына орай, айқындылық, ашықтық және компанияның сатылымына шығарылатын мемлекеттік меншік/акциялар үлесін сатып алу процесіне көптеген тұлғалардың қызығушылық танытуының үлкен деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
