Қазақстанда өңірлерді дамыту бағдарламасы ШҚО-ның тәжірибесі негізінде дайындалатын болады
Еліміздің аймақтары Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін ШҚО-ның тәжірибесін пайдалануға әзір.
Айта кететін мәселе, «Қазақстанның өңірлерін дамыту» атты жобасы конференциясының барысында Қазақстанның өзге облыстарының өкілдері Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін пайдаланған дұрыс деп шешті. Осы шара барысында Еуропалық одақ пен ШҚО-ның 2016-2020 жылдарды өңірлерді дамыту бағдарламасының бірлескен жұмыстарының нәтижелері шығарылды.
Жобаны жүзеге асыруда ШҚО-ның әкімдігі өңірлерді дамыту бағдарламасының жетілдірілген үлгісін көрді. ЕО-тың сарапшыларының қолдауы өңірлерді дамыту шараларының мәні мен мазмұнынан қатысты болды. Онда алдағы 5 жыл бойында дамудың мақсат-міндеттері көрсетіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі облыста серіктестікті дамыту инновацияларын жеделдетпек болып отыр, сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытпақшы. Еуропалық Одақтың жобасын қолдау бағдарламасы Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының өңірлерді дамыту бағдарламасын демеуге бағытталған.
Бағдарлама туралы айтып өтетін болсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына "Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!" және 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты!" атты жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарламаның мақсаты - Өңірлердің перспективада өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу. Бағдарламаның міндеттері: 1. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі проблемалары мен факторларын анықтау және оларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының тиімді тетігін әзірлеу;
2. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өңірлік1 және әлемдік нарықтармен ықпалдастырылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру; 2-1. Ауылдық аумақтарды дамыту; 3. Бәсекеге қабілеттілігін және халықтың экономикалық әлеуеті мен қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық қолдау.
