Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жекешелендіру аясында «Самұрық-Қазына» холдингінің 29 нысаны сатылды

Жекешелендіру бағдарламасы аясында 184 нысан сатылды, оның ішінде «Самұрық-Қазына» холдингінің 29 нысаны сатылды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

«Менеджмент» ЖШС  сату сатып алу туралы келісімнің 51 пайыз акциясына қол қойылды, ол «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниясы болып есептеледі. Келісім 48,321 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, «Менеджмент» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының 106 активінің біреуі болып есептелді, ол бәсекелестік ортаға шақты.  Компанияның негізгі қызметі – жылжымайтын мүлікті жалға беру.

Айта кетейік, бағдарлама басынан бастап 184 нысан сатылды, оның 29-ы «Самұрық-қазына» холдингіне тиесілі. Бұл орайда сатылымнан түскен барлық қаражаттың 88%-ы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтеріне тиесілі.

«Активтерді жекешелендіру 56 млрд 387 млн теңгені құрады, оның 49 млрд 830 млн теңгесі қорға тиесілі, ол жалпы соманың 88 пайызын құрайды», - делінген хабарлмада.

Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын әзірлеген болатын.  2014-2020 жылдар аралығында Қор иелігіндегі 106 активті жекешелендіру жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру алдымен экономикадағы мемлекеттің қатысуын азайтып, жеке меншік сектордың үлесін арттыру арқылы оның негізін нығайта түсуді көздейді. Жекешелендіру – экономиканы мемлекет иелігінен алу процесінің бір бөлігі болып табылады. Жекешелендіру  өндірістік-дирактивті реттеу басымдылығынан оны нарықтық механизм негізінде реттеуге көшуді ұсынады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ата Заңы тұңғыш рет жеке меншік құқығын анықтады. Сол жылдары жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданылған болатын. Оның басты мақсаты – мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру, нарықтық экономикаға көшуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу болып табылады. Жекешелендірудің алғашқы толқыны 90-жылдары ел басшылығымен нарықтық экономика негізін құру мақстаында жүргізілді. Дегенмен, бірқатар кәсіпорындар мемлекеттің иелігінде қалды.

Бүгінгі таңдағы жекешелендіру толқыны нарықтық экономика негізін нығайту мақсатында жүргізіліп отыр. Бұл бағдарламаның басты идеясы – еліміздегі жеке бизнесті ары қарай дамытуға күш беру болып табылады.

Сонымен бірге, бұған дейінгі жекешелендіру бағдарламасына қарағанда бүгінгі таңдағы компания технологиялардың дамуына орай, айқындылық, ашықтық және компанияның сатылымына шығарылатын мемлекеттік меншік/акциялар үлесін сатып алу процесіне көптеген тұлғалардың қызығушылық танытуының үлкен деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі

 

0
0
273

Осы тақырып бойынша

Жекешелендіру аясында «Самұрық-Қазына» холдингінің 29 нысаны сатылды - Yvision.kz