ҚазАгроӨнім 3 мың ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдары құрылысының бағдарламасын жүзеге асырады
«ҚазАгроӨнім»АҚ 3 мың ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдары құрылысының бағдарламасын жүзеге асырады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ. Сиыр етінің өнеркәсіптік өндірісінің дамуына тежеу қоятын осындай факторлардың бірі - озық технологияларды пайдаланатын ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдардың қуаттылығының жетіспеушілігі болып табылады. «Осыған байланысты, ағымдағы жылда «КазАгроӨнім» АҚ-мен ірі қара малды өнеркәсіптік бордақылау инфрақұрылымын құру және экспортқа бағытталған сиыр еті өндірісінің көлемін өсіру мақсатында 3000 ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдарының құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды», - делінген хабарламада. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3-4/14 бұйрығымен бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша инвестиция…