ҚР Ұлттық банкі 4 ескерткіш және 3 мерейтойлық монетаны айналымға шығарды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 7 тамыздан бастап нейзильбер қоспасынан жасалған төрт ескерткіш монетаны айналымға шығады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Олар номиналды құны 50 теңге болатын «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Тайқазан», «Ғарыш» монеталар сериясынан «Буран», «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Қызылорда» және «Орал» ескерткіш монеталары. «Сондай-ақ үш мерейтойлық монетаны айналысқа шығарылады. Олар номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерейтойлық монеталары және номиналдық құны 500 теңгелік, «proof» сапасымен «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерейтойлық күмі…