Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

ҚР Премьер-Министрі Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесу  барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

Қазақстан 1992 жылдың шілде айынан бері Дүниежүзілік банктің мүшесі болып табылады. Осы уақыт ішінде 45 жобаны қаржыландыру мақсатында Банк Қазақстанға жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
339

ҚР Президенті Қостанай облысында шығарылатын электромобиль үлгілерімен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кондитерлік фабрикадағы бисквит цехы өндірісінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпорынның басымдығы бар жобалары мен дайын өнім үлгілері Елбасы назарына ұсынылды. Бұған қоса, Қазақстан Президенті тамақ өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі өнімдері көрмесінің экспозициясын аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірдегі ірі кәсіпорындар шығаратын электромобиль үлгілерімен танысты. Олар «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде көпшілік назарына ұсынылатын болады. Қазіргі таңда кәсіпорында 1,5 мыңдай адам еңбек етеді. Кәсіпорын өз тауарын Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Қытай және т.б. бірқат…

0
0
426

Канаданың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады – ҚР СІМ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Канадаға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлады ҚР СІМ. Келіссөз барысында Канаданың сыртқы істер министрінің м.а. Ли Сарти Оттавада екі жақты қарым-қатынастың ағымдағы жағдайы мен келешегін, визалық режимді жеңілдету мәселелері және ЭКСПО-2017 көрмесіне канадалық компанияның қатысуы талқыланды. Р.Жошыбаев Қытайда өткен G20 Саммиті алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Канаданың Премьер-Министрі Джеймс Трюдомен кездесуінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Кездесу аясында Мемлекет басшысы оны 2017 жылы Астана қаласына шақырды. Көрме комиссарының айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінде канадалық компанияның қатысуы екіжақты ынты…

0
0
603

Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды

2005-2015 жылдары Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық инвестиция құйған, деді Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің бизнес форумы барысында «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғоразов. «Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 2 мыңға жуық компания жұмыс iстейдi. 2005-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына Қытай инвестицияларының жалпы ағымы 13 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады және осы көрсеткiште үздiк 5 инвестор қатарына кiредi», - деді Б.Жанғоразов. Оның айтуынша, өзара сауда жасауға қызығушылық артып келеді. «Өзара сауданы жүзеге асырудың мүмкіндіктері өте көп, Қазақстан мен Қытай экономикасы сәйкес бола алады. Қазақстан Қытайға азық-түлік жіберуді жүзеге асырады, себебі Қытайда аталмыш тауарларды климаттық жағдайға байланысты өсіру қиын. Біз Қытайға шикізат жет…

0
0
531

ҚР Президенті Қостанай облысының ресурстық әлеуетіне және дамыған өнеркәсібін бағалады

Елбасы Қостанай облысы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Облыстық филармония ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев өңір жұртшылығының танымал өкілдерімен кездесті. Басқосуға өз ісінің кәсіпқой маманына айналған әртүрлі қызметтегі азаматтар, еңбек сіңірген ардагерлер, жастар лидерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, республиканың елеулі жетістіктерін атап өтті. «Біздің барлық жетістігіміз мықты іргетасқа – ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген. Ұлттық бірлік пен келісім – Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі. Саясатта, экономикада, қоғамда, мәдениетте түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекетіміздің халықаралық беделі айтарлықтай артты. Ата…

0
0
505

ШҚО мен ҚХР ШҰАА Ынтымақтастық жол картасының 8 бағытын талқылады

Шығыс Қазақстан делегациясы Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үрімшіде өтіп жатқан «China-Eurasia Expo 2016» халықаралық көрмесіне қатысты. Шара аясында ҚХР ШҰАА бизнес қоғамының өкілдері және Халықтың Үкімет жетекшілігімен келіссөздер өткізілді. ШҚО ақпараттық орталығының мәліметінше, «Сhina-Eurasia Expo 2016» көрмесі ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданы Үрімші қаласында «Жібек Жолы: мүмкіндіктер мен болашақ» тақырыбында өтіп жатыр. Аталмыш шараны өткізу, ұйымдастырушылардың айтуынша, Қытай мен Азия, Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. «Сhina-Eurasia Expo» халықаралық көрмесінің қатысушылары азық-түлік өндірісі бойынша экспозицияларын таныстырды, оның ішінде ауыл шаруашылығы, логистика, ақпараттандыру, автоиндустрия бар. Қытай тарапы 14 бағытты таныстырды…

0
0
517

Ю. Стрельчук: Семей полигонының аймағы адам денсаулығына қауіпті емес

Зерттеулер айқындағандай, Семей полигонының көп бөлігі ластанудан арылған және адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Ұлттық ядролық орталығы радиациялық қауіпсіздік институтының оқыту-ақпараттық орталығының жетекшісі Юрий Стрельчук мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылғы 15 мамырда құрылды. Оның негізгі бағыты Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, нақты аймақтарда атом станцияларын салуды техника-экономикалық негіздеу, атом энергетикасы мен термоядролық энергетика қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторл…

0
0
691

Қытай мен Литва ЭКСПО-2017 көрмесінде павильон жобаларын әрлеуге дайын

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚХР ұлттық павильонының комиссары Ван Цзиньчжэньмен кездесті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Басқосу барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрмеге дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып кетті. Сондай-ақ, ұлттық компания басшысы Қытайдың баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесіне назар аударып жүргендігіне ерекше тоқталды. Айталық, мемлекет «жасыл энергетика» саласына 103 млрд. доллар бөлініп, әлем бойынша ең көп қаржыландырғандар қатарынан табылды. Қытай ұлттық павильоны көрменің ең үлкен павильондарының бірінде орналасатын болады. Сонымен қатар, Қытай павильоны м…

0
0
608

Алматыда ірі агроөнеркәсіптік кешен салынады

Алматыда Наурызбай ауданында «Look at the future» инвестициялық форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінде. Шара барысында аудан әкімі Сайран Сайфеденов жаңадан қосылған облыстың инвестициялық әлеуеті туралы әңгімелеп берді. «Қазіргі күні Наурызбай ауданы 6967 га жер алқабы бар алаң және ол әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысына арналған. Сонымен қатар, ауданда 700-ден астам жер учаскелері бар, ал ол ауыл шаруашылығын дамытуға арналған – жылжай құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, алма бақшаларын салу және тағы басқалар»,-деді Наурызбай ауданының әкімі. Сайран Сайфеденов ауданның инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалын жақсарту туралы айта келе, бүгінгі күні 1200 орынға арналған мектеп пен ауысымда 500 келушіге арналған емхана салу бойынша жұм…

0
0
352

Павлодарлық аграрлық қызметкерлер Астанадағы жәрмеңкеге 700 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкеледі

Павлодарлық аграрлық қызметкерлер Астанадағы жәрмеңкеге 200 млн. тоннадан астам қаржыға 700 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов. ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінде Астанадағы Павлодар облысының күндеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шара кезінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов атап өткендей, 24-25 қыркүйекте астаналықтар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бағытталған «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы шеңберінде Павлодар облысының жетістіктерімен таныса алады. «Павлодар облысы Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешенінің үлес салмағы жалпы ішкі өнімнің 4,9%-ын құрайды. Жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығына 1…

0
0
663