Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Петропавл қаласына барды. Жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылығымен кездесу өтіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік, көліктік сала нысандарын аралау жоспарлануда. Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты. Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды. Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай нормативтік мүмкіндігі бойынша сағатына 200 жолаушы өткізе алады. Аэровокзал ғимаратының жалпы алаңы – 2 400 шаршы метр. Мемлекет басшысы халықаралық…

0
0
567

Биыл ОҚО ЕАЭО елдеріне 158,1 млн теңгенің тауарын экспорттады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы ЕАЭО елдеріне 158,1 млн теңгенің тауарын экспорттады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті. Алдын ала деректер бойынша, 2016 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 319,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 64,5%, оның ішінде экспорт – 158,1 млн. АҚШ долларын (59,1%) немесе өзара сауда көлемінің 49,5%, импорт – 161,2 млн. АҚШ долларын (70,7%) құрады. Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 295,8 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 92,6%) сомасында қалыптасты, Беларусь Республикасымен – 7,5 млн. АҚШ доллар (2,4%), Қырғызстан Республикасымен – 16 млн. АҚШ доллар (5%). ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 93,7% Ресей Федерациясына, 6,2% – Қырғызстан Республикасына, 0,1% -…

0
0
408

ҚР Президентіне СҚО-ғы кәсіпорындар шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы таныстырылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шағала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына жиын-терін науқанының барысы, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және оны дамыту жолында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен және облыстың жетекші аграрлық компаниялары өкілдерімен әңгімелесті. Кездесу барысында еліміздің тәуелсіздігі жылдары осы салада болған оң өзгерістер жөнінде айтылды. – Сіздердің шаруашылықтарыңыз Солтүстік Қазақстан…

0
0
275

Қазақстанда террористік қауіптің «сары» деңгейін енгізу халықтың ақпараттылық белсенділігін 2 есеге арттырды

Қазақстанда террористік қауіптің «сары» деңгейін енгізу халықтың ақпараттылық белсенділігін 2 есеге арттырды, деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары » тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы барысында. «Республика аймағында террористік қауіптің «сары» деңгейін енгізу арқылы халықтың ақпараттылық белсенділігі екі есеге арта түсті. Ай сайын терактіге дайындықтың белгілері бойынша 50 дабыл аламыз, оларға жедел қызметтер бірден әрекет етеді», - деді Н.Белісбеков. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары хабарлағандай, терроризмге қарсы операцияларды өткізуде тиімділікті арттыру үшін 1-2 км радиус бойынша желілерді құлыптайтын арн…

0
0
472

Н.Нығматулин: Азаматтық қоғам терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын қолдайды

Азаматтық қоғам терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын қолдайды, деп Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмге жол бермеу және күресу үшін заңнамалық және институционалдық шаралар» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті. “Терроризм мен экстремизм жыл сайын өте қауіпті мәселеге айналып барады. Бұл тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемдегі проблема. Сондықтан, терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты тапсырмалар беріп, оның орындалу жолдарын да көрсетті. Ең бастысы, бұл мәселеге бүкіл қоғам қатысып, шынайы қолдау білдіріп отыр»,-деді. Осының нәтижесінде, Парламент ашық пікір жүргізіп, сапалы, тиімді және өткір заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс жасап жатыр. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей…

0
0
828

Н.Нығматулин: Экстремизм және терроризмге қарсы күресте сақтандырма шараларының болуы маңызды

Экстремизм және терроризмге қарсы күресте сақтандырма шаралары маңызды, деп Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмге жол бермеу және күресу үшін заңнамалық және институционалдық шаралар» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті. Н.Нығматулиннің айтуынша, соңғы оқиғалар экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және қару айналымы мен көші-қон жөніндегі қазақстандық заңнамаларды жетілдіру қажеттілігі айқындалды. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері Мәжіліске түскен заңнамаларды қоғамның ортақ талқылауына салу қажеттігін айтты. «Мұндай формат қоғамда терең қызығушылыққа ие екенін көрсетті», - деді ол. «Экстремизм және терроризммен күресте қоғамның шоғырланған позициясының маңыздылығын түсініп, Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасының жұмысына мемлекеттік орган өкілдер…

0
0
316

Н.Нығматуллин: Заң — қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек

Заң - қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек, деді бүгін өтіп жатқан «Қазіргі замандағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бұлтартпаудың заңды және институционалдық шаралары» дөңгелек үстелде, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин. Н. Нығматуллиннің айтуынша, соңғы кездегі болған оқиғалар экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ миграциялық процестердегі қару-жарақ айналымына қатысты қолданыстағы заңнама жетілдіруді қажет етеді. Мұнымен қоса, Мәжіліс спикері депутаттар мен Мәжіліс қарауына түсетін заң жобаларын кеңінен талқылау қажет екендігін баса айтты. Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы терроризм және экстремизм туғызатын себептерді жоюдың маңыздылығын атады. Қазіргі экстремистік және террористік белгілерге құқықтық әрек…

0
0
355

Гаагада өткен фотокөрмеде Қазақстанның мәдениеті туралы 50-ге жуық сурет қойылды

Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Гаага қаласының әкімшілігінде Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейлік датасына орай «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» фотосуреттер көрмесі ашылды. Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, елуден астам арнайы фото жинақта Қазақстанның қазіргі заманғы өмірі мен мәдениетін, Ұлы даланың табиғи байлығы, ежелгі тарихи ескерткіштері мен XXI ғасырдағы сәулеті ұсынылды. Елордасы Астананың бірегей архитектурасы - Бәйтерек монументі, Астана Опера ғимараты, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы т.б. ерекше қызығушылық туғызды. Көрмеде Қазақстанның тәуелсіз 25 жылдағы ең маңызды жетістіктерінің бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімін көрсететін фотосуреттер бар. Олар Қазақстанның гүлденуі туралы ортақ идеямен бірлескен көпұлтты…

0
0
388

2017 жылдан бастап Қазақстанда алкогольге акциз 45 пайызға өседі

2017 жылдан бастап Қазақстанда алкогольге акциз 45 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Астанада салық салудың өзекті мәселелеріне арналған конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты. Ұлттық экономика министрлігі ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп салық салу мен кедендік әкімшілендіру бойынша заң жобасын әзірледі, ол алкогольдік өнімге, сыра мен темекіге акциздер мөлшерлемесін өсіруді қарастырады. «2017-2019 жылдарға алкогольдік өнімге, сыра мен темекіге акциздер мөлшерлемесін бекіту жоспарланған. Алкогольдік өнімнің мөлшерлемесін арттырып жатырмыз. Осы ретте 2017 жылы литріне 2 000 теңгеге дейін, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 45 пайыз, 2018 жылы - 2 275 теңге (өсім 14 пайыз), 2019 жылы - 2 550 теңгеге (өсім 4 пайыз) өседі», - деді Қуандық Бишімбаев. Министрдің а…

0
0
841

Н.Ермекбаев: Жастар саясатының сапасын арттыру жастарды деструктивті идеялардан алшақтатады

Жастарды деструктивті идеялардан алшақтату үшін жастар саясатының сапасын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүзеге асырылуы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары » тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы барысында. «Заңнаманы жетілдіру екі бағытта жүріп жатыр. Бұл қарсы әрекет және алдын алу. Барлық әлемде діни экстремизмге байланысты қатердің күшеюін ескере отырып, біздің елімізде лаңкестікке қарсы заңнаманы жақсарту жөнінде жұмыстар жасалып қоймай, сонымен қатар діни қызмет саласында да жұмыстар атқарылуда»,-деді ол. Ведомство басшысы айтып өткендей, институционалдық шаралардың ішінде жақын ведомствоаралық ынтымақтас…

0
0
359