Мазмұнға өту
Akparat

Akparat

Сайтта 2013 ж. 16 тамызКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

18

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Корей, түрік сериалдарының орнына тағы бір телехикая

Осы аптада үй шаруасында отырған келіншектерге, апа-әжелерге соққы болып тиген «жағымсыз» жаңалық - корей және түрік сериалдарын сатып алу тоқтатылатыны туралы ақпарат жарияланып жатқан тұста «Қазақстан» Ұлттық арнасында тағы бір отандық телехикаяның тұсауы кесілді. 16 сериядан тұратын «Ауыл сақшысы» телехикаясы - учаскелік полицей туралы детектив. Қысқаша сюжет Қатардағы тексерумен қаладан ауылға келген жас полиция қызметкері аяқ астынан ауырып қалған бұрынғы полиция қызметкерінің орнына қызмет атқаруға мәжбүр болады. Жас полицей ауыл тіршілігімен мүлдем таныс емес. Мұндағы тұрғындардың әкімдіктегі шенеуніктермен қалыптасқан қарым-қатынастарының ерекшеліктерін де түсінбейді. Бұл қарым-қатынастарды қалыптастырушылар басшыға бас ұруға һәм жемқорлыққа бой алдырған. Ол осы «дәстүрлерді» өзге…

0
0
994

«Қазақстанда» шетелдік телехикаялар үлесі азаяды

2013 жылдың 11-қарашасынан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабар тарату кестесі өзгереді. Ұлттық телеарна шетелдік телехикаялардың қомақты бөлігін азайтып, отандық телехикаялардың санын арттыруды көздейді, деп хабарлады баспасөз қызметі. Отандық жобалар мен телехикаялардың санын арттыру - бұл әлемдік үрдіс. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының басшылығы отандық телехикаялардың көлемін ұлғайтып қана қоймай, олардың сапасын да арттыруды көздейді. «Қазақстан»ҰТА 2006 жылы алғаш рет түрік және корей телехикаяларын көрермен назарына ұсынды. 2009 жылы Ұлттық телеарна тұңғыш отандық өнім «Ағайынды» телехикаясын көрсетті. 7 жыл ішінде телеарнаның ішкі өнімдерінің саны да, сапасы да үздіксіз артып, отандық телехикаялардың қомақты мұрағаты қалыптасты. Солардың ішінде «Туған елдің түтіні», «Ұлжан», «Па…

0
0
698

Отбасы бақыты дегеніміз не?

«Әйел бақыты» ток-шоуының кезекті тақырыбы осы. Бұл жолы студияға Зейнеп Ахметова келіп, бала тәрбиесі, отбасы бақытының сыры туралы ой бөліседі. 1 қараша күні 15.55-те Ұлттық арнадан көре аласыздар. Ұлттық арнадағы көрерменнің жоғары сұранысына ие бұл ток-шоуға қазіргі күннің бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің басынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Бағдарлама мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету. Бағдарламаның толық нұсқасын «Қазақстан» Ұлттық арнасы сайтының «Бағдарламалар мұрағаты» айдарынан таба…

0
0
1967

«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті

4-қарашадан бастап, Ұлттық арнада жаңа телехикаяның тұсаукесері! «Жаужүрек мың бала» фильмінен соң жұртшылыққа кеңінен танылған, талай мақалаға кейіпкер болған, талай қыздың түсіне кірген Асылхан Төлепов жақында көрерменнің талқысына тағы түспекші. Асылхан бұл жолы да басты рөлді сомдайды. Төрт түліктің ішінде қазаққа ең қадірлісі жылқы екені анық. «Сұңқар» деп аталатын жаңа телехикая да ер қанаты - ат туралы. Алдағы дүйсенбіден бастап көрермендерге жол тартатын сериалда атбегілікті серік еткен ауыл адамдарының өмірі суреттелген. Негізгі кейіпкер - Біржан жетім қалған құлынды асырап, баптап өсіреді. Өзі «Сұңқар» деп атаған осы жетім тай оған бозбала шақта да, өмірдің небір бұралаң тұстарында, кедергілер кездескен, сатқындықтарға тап болған шағында да сенімді серік болады. Қобыландының қан…

1
2
2503

«Ал мен — қазақпын!» — Әлем күткен жекпе-жек Ұлттық арнада!

Қазақтан шыққан әлем чемпионының жекпе-жегін «Қазақстан» ұсынады 3-қараша күні Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарден сарайында қазақтан шыққан даңқты боксшы, кәсіпқой бокста орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенстің жекпе-жегі өтеді. Күллі әлемнің бокссүйерлері асыға күткен осы шайқасты қазақстандықтар да көре алатын болды. Ондай мүмкіндікті «Қазақстан» РТРК» АҚ ұсынып отыр. Атап айтқанда, «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасынан көрсетеді. <em><em><em><br /></em></em></em> Ия, кейбіреулер дау айтуы мүмкін, «Бәлкім қаза…

2
3
1375

«Түнгі студияда» — Нұрлан Қоянбаев

Ұлттық арнаның жаңа маусымдағы тың жобаларының бірі - «Түнгі студия». Жүргізушісі - Нұрлан Қоянбаев. Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Әңгіме белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша өрбиді. Қатысушыларға орынды қалжың арқылы ойландырар сауалдар қойылады. Ән өнері мен спорт, шоу-бизнес, саясат сахнасы жұлдыздарының өнерде, қызметтен тыс кездерін көрсетуді мақсат тұтқан хабардың алғашқы қонағы - Роза Рымбаева мен әншінің ұлы Әли Оқапов болды. «Түнгі студия» хабарының кейіпкерлері – әр саланың майталмандары. Мақсат - халыққа олардың қызметінен бөлек қырларын ашып көрсету. Бүгінге дейін хабарда бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, даңқты «А Студио» тобы, әнші Қыдырәлі Болманов т.б. белгілі тұлғал…

0
0
2101

Шетелдегі қазақ балалары — Қазақстанда тұңғыш көтерілген тақырып

Жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған ел едік... Алайда, Соңғы кездері шекара асып кетіп жатқан жетімдердің тағдыры жүректі сыздатады... Фотодағы балалар Европа елдері азаматтары асырап алған өз бауырларымыз. Интернеттен көшірілген емес, журналист өзі түсірген суреттер. Талай бала шетелдік асырап алушылардан зорлық-зомбылықтың «көкесін» көруде. Қызылжарлық ағайындылардың АҚШ-та 9 жыл тартқан азабын естіп-біліп жағамызды ұстадық. Бұл – бір ғана мысал. Алайда, шетелде бұдан басқа 8 806 жетім бала бар екен. 6 мыңнан астамы – АҚШ-та. 725-і Испанияда, 426-сы Бельгияда... Барлығы 30 елге өз қолымызбен аттандырыппыз бауырларымызды. Африка елдерінде де бірнеше қазақ баласы жүр. Әлемдегі ең қонақжай, ең мейірбан халық бізбіз дейміз. Сөйте тұра қаны бір бауырларымызды қалай жаттың асырауына берд…