Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Отбасы бақыты дегеніміз не?

«Әйел бақыты» ток-шоуының кезекті тақырыбы осы.

Бұл жолы студияға Зейнеп Ахметова келіп, бала тәрбиесі, отбасы бақытының сыры туралы ой бөліседі.

1 қараша күні 15.55-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.


Ұлттық арнадағы көрерменнің жоғары сұранысына ие бұл ток-шоуға қазіргі күннің бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің басынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады.


Бағдарлама мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету.

Бағдарламаның толық нұсқасын  «Қазақстан» Ұлттық арнасы сайтының «Бағдарламалар мұрағаты» айдарынан таба аласыздар

0
0
1968

Осы тақырып бойынша