алғашқы бла бла бла....
Жылауық күндердің тізбегі басталатын түрі бар... Ауа райының сүмірейген түрі анау. Қайда қарамасаң күздің күңіренген кейпі. Күн суытты, сау бол менің жайдары жазым) Алдамшы көктен күн күледі, бірақ ол адамдар сияқты алдауды жақсы біледі. Кереметтей жылы көрінгенімен, расында термометр қазір бар болғаны +4 Астанада. Демек мұрын үсіп, саусақ тоңып, жұқа шұлықтардың заманы өтіп, "Сәлем саған жылы гамаж" дейтін уақыт кеп қалды.
*******
Келдім мұнда, әрі бері мойнымды созып, жұртқа қарап, алаң болып отырмын. Бір қызығы, бұрыннан оқып жүрмін, тіпті бір рет тіркелген де едім, бірақ тіркелген логинімді ұмытып,оның үстіне уордпресс те керемет жұмыс істепт тұрған болатын... Ехх, қайран уордпрессім ай) Жаным ашиды. Өлі мен тірінің арасында өлімтік хәлде жатыр ғой, бишара... Алла жазса, мұнда да бір орнымды табармын деп үміттеніп отырмын... Үмітсіз шайтан болғым келмейді...
*******
Келесіде кездескенше....
