Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

 

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді.
2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды.
2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді.
Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор

нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды.
Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған.
Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан барлық қазақстандықтардың мүддесіне сай.
Газетте жұмыс істейтін журналистер арасында еңбегімен елге танылған азаматтар аз емес. Газеттің Бас редакторы Нұртөре ЖҮСІП – Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері. Бас редактордың бірінші орынбасары Берік ЖҮНДІБАЕВ – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. «Айқынның» топжарғандары қатарында Президент грантын иемденген Мира БЕРІКБОЛОВА сияқты аймақтық тілшісі де бар. Түрлі деңгейдегі сыйлықтар мен алғыстарға ие болған журналистер аз емес. Мұның бәрі «Айқынның» шығармашыл ұжымының жемісті жұмыстарының нәтижесі.
«Айқын» газеті аптасына бес рет шығады. Негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер.
Газеттің өз веб-сайты бар. Қазақ тілді веб-сайттар арасында «Айқын» алғашқы бестіктің қатарында.
Күнделікті таралымы – 39693. Ал апталық таралымы – 196 500.
Бейсенбі күндері 32 беттік «Айқын-апта» жарық көреді.
Айқын» газеті аптасына 5 рет түрлі-түсті бояумен жарық көреді. Газеттің өзіндік дизайны оны көптеген басылымдар ішінен ерекшелеп тұрады. «Айқын-апта» деп аталатын 32 беттік шығарылым тақырыптарының саналуандығымен, тартымдылығымен, қызықтылығымен ерекшеленеді. Күнделікті газет нөмірлерімен салыстырғанда осы бір бейсенбілік газет нөмірі тез сатылады.
«Айқын» газеті Астана және Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында басылады. Аймақтық типографияларда басылу - газеттің республиканың түкпір-түкпіріне тез таралуына сеп болып отыр.
1
0
7311

Осы тақырып бойынша

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті - Yvision.kz