ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақшаны орынды жұмсап үйреніңіз!

Әрбір адам бала кезінде "Бай болғым келеді" деп армандаған болар. Бұл арманыңыз әлі де көкейіңізде болса, бай болуға деген ұмтылысты бүгін бастаңыз. Ол үшін сізге көп ақша табу міндетті емес, жай ғана қаражатыңызды орынды жұмсап үйрену қажет:

1. Әрдайым тапқан табысыңыздан аз ақша құртып үйреніңіз. Мысалы, айына 100 мың тапсаңыз, 80 мыңын ғана құртыңыз. Қалған 20 мыңын ай сайын жинап отырсаңыз, жылдың соңында сізде артық 240 мың теңгеңіз болады.

2. Күннен күнге қымбаттап бара жатқан затты сатып алыңыз.

3. Керісінше, арзандап бара жатқан затты сатып алмаңыз.

4. Алдымен негізгі маңызды қажеттіліктеріңізді түгелдеңіз. (Күнделікті жүріс-тұрыс, тамақ, үйдің шығындары және т.б.).

5. Заттың сатып алғандағы бағасын емес, оны ары қарай күту бағасын ескеріңіз. Мысалы, автокөлікті жақсылап ойланып, сатып алыңыз.

Ақшамды үнемдеймін деп, тек сараң болып кетіп жүрмеңіз! Арасында өзіңізді қуантып тұруды да ұмытпаңыз!