ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бізге «Партияға қалай қабылдануға болады?», «Қандай құжаттар керек?»

Партия қатарын толықтыру жеке және ерікті түрде жүзеге асырылады. 18 жасқа толған, партияның жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партияның алда тұрған мақсаттарына қол жеткізуге, міндеттерді іске асыруға белсенді қатысатын, заңнамалық актілерде айқындалған адамдарды қоспағанда, партиялық мүшелік жарналарды уақтылы төлейтін Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

«Nur Otan»-ға мүшелік тиісті партиялық құжатпен расталады.

Қабылдауды бастауыш партия ұйымының (бұдан әрі - БПҰ) жиналысы азаматтың партияның екі мүшесінің ұсынымдары бар жазбаша өтініші негізінде шешеді. Өтінішке партия мүшелігіне қабылданушы туралы мәліметтер де қоса беріледі.
Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының саяси кеңестерінің бюросы, сондай-ақ БПҰ бюросы жүзеге асыруы мүмкін.

«Nur Otan» партиясына қабылдану үшін⬇️

🔹 nurotan.kz сайтында Жарғы мен Доктринамен танысу
🔹 Партияға қабылдау туралы өтінімді және партия мүшелігіне кіру туралы мәліметтерді толтыру немесе http://kk.nurotan.kz/request/application беттегі электрондық форманы толтыру
🔹 Партияда кемінде 3 жылдық өтілі бар екі мүшесінен ұсыныстар алу
🔹 Тұрғылықты жері (немесе жұмыс орны) бойынша бастауыш партия ұйымына өтініш беру қажет

P. S. Партия мүшесі басқа саяси партиялардың мүшесі бола алмайды