Қоғамдық қабылдау
партияның аудандық филиалының сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау бөлмелесінің салтанатты ашылу сәті өтті. Ашылу салтанатына штаб төрағасы Ш.Исабеков ашты. Сонымен қатар, партиялық тізімге енген кандидаттар, сенімді өкілдер қатысты.
Сайлауалды штаб жанындағы қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – «Nur Otan» партиясы жүргізіп келе жатқан саясат негізінде қарапайым халықтың өтініш-тілектерін тыңдау болып табылады.
Жалпы, электоралды науқан кезеңінде партияның сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында атқарады.
Қоғамдық қабылдаудың презентациясына бұқаралық ақпарат құралдары, партиялық тізімге енгізілген кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері де қатысты.

