ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана жолықты. Дәрі-дәрмекпен қолдау көрсетуді сұрады. Депутат жауапты мекемеге өтініш жолдап, заңнамалық тұрғыда түсініктемелер берді. Сонымен қатар жалғызбасты зейнеткер жолықты. Өзінің жағдайын түсіндіріп, үй тұрмысына көмек сұрап келді. Зейнеткерге "Jas Otan" ЖҚ белсенді жастарын жолдау арқылы көмек көрсетілетінін депутат түсіндіріп өтті.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk @ooarba

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021