Мазмұнға өту

Жаңа

2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2,3 мыңға жуық азаматы Мемлекеттік ...

2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2,3 мыңға жуық азаматы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 588,3 млн теңгеге әлеуметтік төлемдер алды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/177695... *** В 2020 году около 2,3 тыс. граждан из государств-членов Евразийского экономического союза получили социальные выплаты из Государственного фонда социального страхования на общую сумму 588,3 млн тенге. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/177695...

0
0
285

Лисаков қаласының бірқатар объектілерін мүгедек адамдар үшін қолжетімділік тұрғысынан тексерді

2021 жылғы 1 жартыжылдыққа профилактикалық бақылау жоспарын орындау шеңберінде Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік мәніне Лисаков қаласының мемлекеттік құрылымдарының бірқатар объектілері (БЖСМ, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция бөлімі) тексерілді.Объектілерді тексеру кезінде мүгедек адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды. Бақылау барысында пандустың бойлық еңісі талаптарға сәйкес келмейтіні, ал объектілердің біріндегі көтергіш құрылғы жұмыс істемейтін жағдайда болғаны анықталды. Бұдан басқа, ақпарат құралдарына, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға және объект аумағына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды.Профилактикалық бақылау қоры…

0
0
293

"Депутатқа сұрақ қой" атты тікелей эфир

Эфирде "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы мен алдағы атқарылатын Жол картасы бойынша жұмыстар туралы сөз қозғалды. Эфир барысында тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мәселелері назарға алынды.

0
0
114

А.Нысанбаева әр түрлі сала қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

Аудандық филиал төрағасының біріші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Айжан Нысанбаева 'Nur Otan' партиясы Ақжайық ауданының сайлауалды бағдарламасын талқылау мақсатында әр түрлі сала қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

0
0
155

Қазақ – дария кеуде қариясын сыйлаған ұлт. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді біздің халық.

Қазақ – дария кеуде қариясын сыйлаған ұлт. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді біздің халық. Дана халқымыз айтқандай, қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. О.Исаев атындағы мектеп ұжымы " Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауылдағы 18 тыл, еңбек ардагерлері мен ақ жаулықты әжелер отбасына барып, халдерін сұрап, наурыз мерекесімен құттықтадық. Сұхбат барысында көп балалы Мария әжеміз балаша қуанып, өмірінің қиын сәттерін еске алып әңгімелесе, Шолпан әжеміз мектеп өмірінің жетістіктеріне риза болатынын мақтанышпен жеткізді. Жүздескен қариялардың барлығыда саулық сұрасқанға бір марқайып қалғандай болды. Әрқашан қайырымы мол іс жасап, үлкендердің алғысына бөлене берейік!

Нравится

Комментировать

Поделиться

0
0
223

«Бақытты отбасы» жобасы - әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген.

«Бақытты отбасы» жобасы - әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Қайырымдылық – ізгіліктің белгісі. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ұлы Пайғамбарымыздың өзі (с.ғ.с): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды боласыңдар!» деген.

Осы жоба аясында мектебіміздің басшысы, аудандық маслихат депутаты Н.М.Есбулатов ауылымыздағы 7 отбасын наурыз мерекесімен құттықтап, қайырымдылық көмек көрсетті.

##Бақыттыотбасыжобасы

##қайырымдылық

Нравится

Комментировать

Поделиться

0
0
105

"Депутатқа сауал қой"

жатқан және жоспарланған жұмыстар жөнінде, соның ішінде жастарға көрсетілетін көмектер жайындағы мәселелер қаралды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, депутатқа сұрақтарын қойды.

0
0
129