ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қарты бар елдің, қазынасы бар

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

Қарты бар елдің, қазынасы бар

Бүгін, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Райымбек аудандық мәслихат депутаты Жұмаканов Ербол Еркінбекұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы және " 30 игі іс" акциясы аясында Сүмбе ауылының тұрғыны бүгінде 100 жасқа толып 1 ғасырдан астам өмір сүріп, өзінің өмір жолында жастарға өнеге болып, ауданның дамуына ықпал еткен ақ сақалды қариямыз Тебериков Құмарқожа атамызды мерекемен құттықтады!

Сізді, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз-бірліктің, татулықтың ізгіліктің бақыттың мерекесі, Наурыз мерекесінде елімізге-береке, халқымызға ізгілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін! Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт береке алып келсін! Әрбір күніңіз Наурыз күніндей шуақты болсын.

Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ пен береке тілейміз-деді депутатымыз өз сөзінде.

Қариямыз ақ батасын беріп ізгі тілегін жеткізді.

#Ардагерлердіардақтайық