ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

30 игі іс

Наурыз мейрамы қарсаңында Қаратал ауданы әкімшілігі мен "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен, Жолбарыс батыр ауылдық округі "Егемендік" ШҚ басшысы Тезекбаев Жұмаш ағамыздың қолдауымен, аудан көлеміндегі I,II,III топ мүгедек жандар мен балалардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аудандағы 20 отбасына "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" жобасы аясында 1 ірі қара малы сойылып таратылып, қайырымдылық шарасы жасалды.

Жалпы, жақсылық жасау – азаматтарға көрсетілген ізгіліктің ізеттің көрінісі, адамның асыл қасиеті. Мейірімділік – жүректен дейді. Кез келген жанға демеушілік танытып, оның қуанышты жүзін көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтіні рас.

Жақсылық жасауға асығайық.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК

#БАҚЫТТЫОТБАСЫ

#30ИГІІСШАРА