«Nur Otan» партиясы жас депутаттар корпусын құрды
«Nur Otan» партиясы жас депутаттар корпусын құрды⠀«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерлерін біріктіруге ниетті.⠀Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша белгіленген квотаның арқасында барлық деңгейдегі мәслихаттарда «Nur Otan» партиясының жас депутаттарының саны 3 есеге – 7-ден 23%-ға дейін артты. 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қабылданып, онда әлеуметтік лифт құру, жастардың бастамаларын іске асыру, жұмысқа орналастыру, білім беру сапасын арттыру сияқты және т. б. 100-ден астам нақты шаралар қамтылды.⠀«Корпус жұмысы аясында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орн…