"Құтты мекен" жобасы аясында 83 тұрғын үй құрылысының 3-4-кезеңі (50-үй) құрлысын тексеріп өтті.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының хатшысы Алғазы Дидар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі Жұмаканов Ербол Еркінбекұлы,
Нарынқол ауылынан салынып жатқан "Нұрлы жер" жобасы және "Құтты мекен" партиялық жобалары аясында 83 коммуналдық тұрғын үй құрылысының 3-4-кезеңі (50-үй) құрлысын тексеріп өтті.
06.06.2020 жылы құрылыс жұмыстары басталып 2021 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары аяқталады. Келісім шарт құны (968,6 млн) теңге. Құрылыс салушы мердігер «Гунн Строй Сервис» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 80 % ға орындалып 730,10 млн теңге игерілді.
Бұл үйлер әр санатттағы отбасыларға берілетін болады.
#Құттымекен
