ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ғылым және технологиялар» тақырыбында кездесу өтті.
Бүгін, Райымбек ауданы Саржаз кәсіптік-техникалық колледж студенттерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ғылым және технологиялар» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн конференция өтті. Кездесуге, Саржаз кәсіптік-техникалық колледжінің директоры, аудандық маслихат депутаты Мүсірбаев Самат Сартаубай ұлы қатысып, жастармен онлайн сұхбат өткізіп, өз ойын ортаға салды.
