Молықбай Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы .
Ақсу аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы тұрғын міндеттер туралы; Ақсу аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшелерін сайлау: Алматы облыстық партия филиалының ХХVIII кезекті Конференциясына делегаттар сайлау. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалының төрағасы Е.Базарханов баяндама жасады. Жарс сөзге аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Отан» Алматы облысының кәсіптік-техникалық оқу орталығының Ақсу аудандық филиалының директоры Ғ.Мұсабаланов, «Ақсу ауданы жастары» жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ-аудандық жетекшісі Ә.Садықова, «Молықбай» бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі, М.Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің әдіскері А.Серікова, Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің қызметкері Э.Иманбекова сөйледі.Конференция соңында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билет табысталды
