Жеңіс мерекесі
580 атқыштар полкінің құрамында взвод командирінің көмекшісі ретінде аға сержант дәрежесінде майданның алғы шептерінде жауға қарсы кескілескен ұрыстарға қатысады. 15 наурыз 1943 жылы қолынан, ал 1944 жылы 25 қыркүйекте оң көзінен ауыр жараланады.Ұлы Отан соғысы кезіндегі майданда көрсеткен ерліктері үшін "Отан соғысы" орденінің бірінші және екінші дәрежесімен, "Ерлігі үшін " және басқа да көптеген медальдарымен марапатталды. Емделіп шыққаннан кейін Қазан қаласында соғыс өнімдерін шығаратын заводқа кіріп жұмыс жасады.Сол жерден 1946 жылы елге қайтып, еңбекке араласты. Ақсу ауылында болған май зауытының бас есепшісі, 1962 жылы аудан орталығында құрылған ауылшаруашылық басқармасының бас есепшісі, 1967 жылы колхоздарды совхоздарға айналдыру басталды. Сол жылы Діңгек қазіргі Есеболатов совхозына бас есепшісі болып қызмет атқарды. 14 жыл совхоз экономикасын шын көтеруге айтарлықтай еңбектенді. Шаруашылықтың әрбір саласы бойынша кіріс-шығыстары қатаң есепке алынып, бір жүйеге келтірілді.Әкем Айтжан Ғалымжанұлы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де 1981-1984 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас ревизоры болып еңбектенді.Мүгедектігіне бас ие қоймай, өзінің өмірге құштарлығының, болашаққа деген сенімділігінің, адал еңбегінің арқасында абыройлы болды. Бейбіт еңбекте де алған медальдары, мақтаулары мен алғыстары жетерлік.Әкемнің замандастары болған Еңбек және соғыс ардагерлері Қорғанбаев Бейсебек, Алыбаев Қызайбек , Қалықбаев Жақан сияқты ағаларымыз әкемді-көкірегін кіріп, шалқая қарамағандығын, өзін бір қалыпты ұстайтын, еңбек десе өзін мүлде ұмытып кететін, сол арқылы өзіне күш, қуат жинақтайтын ерекше адам еді- деп естеліктерінде жазған еді. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын!Ғалымжанұлы Айтжан тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектерге үлгі, өнеге тұтатын еңбекте құрылтай шыңдалған қадірлі тұлға еді!Бүгінгі қол жеткізген бейбіт ғұмырымыз бен бақытты болашағымыз үшін Сізге мың Тағзым!Ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады, ТАҒЗЫМ ұрпақтарынан!!!
