18 жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулардың, ақаулардың тізбесі
1. ІІІ дәрежелі созылмалы тыныс алу жетіспеушілігімен ауыр ағымымен сипатталатын тыныс алу жүйесі функцияларының едәуір айқын білінетін бұзылулары бар тыныс алу органдарының аурулары; ІІІ сатылы созылмалы өкпе-жүрек жеткіліксіздігі.2. Операциямен емдеу мүмкін болмаған кезде ІІІ сатылы созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен және/немесе 4-5-сатылы бүйректің созылмалы ауруымен үйлескен қанайналым жүйесінің аурулары.3. Қайта куәландыру кезінде созылмалы үдемелі ағымы бар нерв жүйесінің аурулары, оның ішінде нейробұлшықет, қаңқа және қозғалыспен байланысты (статодинамикалық) функциялардың, тілдік және сөйлеу, сенсорлық (көру) функциялардың тұрақты айқын білінетін, едәуір айқын білінетін бұзылулары бар бас миының нейродегенеративті аурулары (паркинсонизм плюс).4. Қайта куәландыру кезінде нейробұлшы…


