«SofieMed Group» клиникасының дәрігерлері өңеш қатерлі ісігімен ауырған 75-гі әжеге сәтті ота жасады
Денсаулығы осыдан бір ай бұрын сыр бере бастаған ауқас алғашында жұтынудың қиындауын сезінген айтады. Бір айда он келіге арықтаған. Тамағы, кеуденің артқы жағы, жауырыны мен шынтағы ауырған. Дауысы қарлығып, созылмалы жөтел пайда болған. Аталмыш симптомдар бойынан табылған соң, 75 жастағы әжей ақ халатты абзал жандарға хабарласып медициналық тексеруден өткен.

Өз кезегінде "SofieMed Group" клиникасының дәрігерлері рентгенологиялық зерттеулер жасап, өңештің ішкі бөліктерін эндоскоп арқылы қарап, бірнеше анализ алынғаннан кейін және компьютерлік томография қорытындысына сәйкес науқасқа "Өңеш қатерлі ісігі" деген диагноз қойған. Сөйтіп күрделі ота жасау туралы ұсыныс айтқан. Отбасымен ақылдаса келе Қалампыр Ақбердиева келісім берген. Ота 5 сағатқа созылып, сәтті өткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша өңештің бітеліп бара жатқандығы денсаулыққа қауіп төндірген, сол себепті хирургиялық емдеу ұсынылған. Ота өңештің төменгі бөлігін резекциялаудан және оны асқазанға ауыстырудан тұрды. Отаның өзі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі - асқазанды жұмылдыруды көздейтін іштің сатысы. Екінші кезең - мобилизация және өңештің төменгі үштен бірін лимфаденэктомиямен резекциялау. Әрі қарай іш қуысынан асқазан кеуде қуысына ауысып, эзофагастриялық анастомоз қолданылады. Бұл классикалық нұсқа және медицинада Льюис операциясы деп аталады, ол ашық әдіспен орындалады.

Жалпы өңеш - бұл толық түтікшелі, ас пен сұйықтықты асқазанға өткізетін анатомиялық мүше. Жұтынған асты асқазан қуысына қарай итереді. Жалпы өңеш обыры көбіне 60 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Егер операция жасалмаса, адам тамақтануды тоқтатады, бұл өз кезегінде дененің сарқылуына әкеледі. Қатерлі ісік аурулары күрделі емдеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда дәрігерлер хирургиялық емдеу әдісін таңдады. Болашақта науқас химияға немесе сәулелік терапияға жіберіліп, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханада дәрігер-онкологының бақылауында болады.

«Алғашында мазам қашты. Тәбетім болмады. Соңынан белгілі болғандай өңешімде кедергі жасайтын ісік анықталған. Сол себепті жедел түрде клиникаға жатқызылып, дәрігерлік тексеруден өттім. Қазір жағдайым жақсы, ота сәтті аяқталды. Менің өмірім үшін аянып қалмай барын салған әрбір ақ халатты абзал жанға алғысымды білдіремін», - дейді Қалампыр Ақбердиева.

«SofieMed Group» медициналық клиникасының хирургиялық қызметі жөніндегі директорының орынбасары, жоғары санатты хирург Мұхамеджан Нұрғазиев мұндай оталар бұрын тек ашық әдіспен, яғни іш және кеуде қуысында дәстүрлі денені кесу арқылы жасалынғанын айтты. «SofieMed Group» медициналық клиникасының дәрігерлері бұл оталарды енді жабық әдіспен, яғни минималды инвазиялық технологияларды қолдана отырып жасайды, арнайы эндоскопиялық құралдар пайдаланып, ұсақ тесіктер жасап, мониторға қарап жасалады. Бұл операциялардың артықшылығы - үлкен кесінділер жоқ және барлық санаттағы науқастар жеңіл жарақат алады. Осылайша науқастар аяққа тез тұрып кетеді.

«Біз мұндай отаны алғаш рет 2018 жылы жасағанбыз. Мысалы, еліміздің батыс аймақтарын (Атырау, Ақтөбе, Орал) алатын болсақ, мұндай операциялар ашық әдіспен жасалады. Біздің клиникада операциялар заманауи медициналық құралдардың көмегімен жасалады және эндоскопиялық степлерді қолданатын жабдық, ультрадыбыстық диссектор, сонымен қатар тіндер мен ағзалардың диссекциясын жеңілдетеді. Бұл дегеніміз науқасқа өңештің тораколапароскопиялық резекциясы жасалады дегенді білдіреді. Алғашқы лапароскопиялық қадам асқазанды жұмылдыру болып табылады. Екінші кезеңде торакоскопиялық жұмылдыру және эзофагогастроанастомозды енгізе отырып өңешті резекцияланады. Бұл эндоскопиялық хирургияда жеткілікті тәжірибені қажет ететін және онкохирургиядағы күрделі операциялардың бірі болып саналады», - дейді Мұхамеджан Есенгелдіұлы.

Дәрігерлер ауруды емдеуден гөрі оның алдын-алу маңызды екенін еске салады. Онкологиялық диспансерде, емханаларда ақысыз скринингтер барын және онкологияны алғашқы сатысында анықтау үшін зерттеулер жүргізілетінін де ұмытпауға кеңес береді. Сондай-ақ, дәрігерлер қатерлі ісікпен ауырған бірінші және екінші сатыдағы науқастар толықтай жазылатынын айтады. Өкінішке орай, көп жағдайда науқастар аталмыш диагнозбен ауырғандар үшінші және төртінші сатысына келгенде хабарласып жатады, мұндай кезде науқастың аурудан құлан-таза айығып шығуы екіталай.
