Халықаралық отбасы күні
2021 жылғы 18 мамырда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Департамент қызметкерлері үшін өткен Халықаралық отбасы күніне орай "Отбасының адам өміріндегі рөлі" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Халықаралық Отбасы күнін өткізу аясында 2021 жылғы 11-17 мамыр аралығында Департамент қызметкерлерінің балалары мен немерелерінің арасында "Менің отбасым" атты сурет конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты балалардың назарын отбасының өміріндегі маңызды рөлге аудару, балалар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Балаларға өз отбасына, оның дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін көркем жұмыс – отбасылық сурет арқылы білдіру ұсынылды. Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және тәтті жиынтықтармен марапатталды. Сондай-ақ, іс-шара барысында Департаменттің бірнеше қызметкерлері дайындалған бе…