Партия бақылау комиссия (ПБК) назарында
ПБК кезекті отырысында вакцинациялауға байланысты және жол-көлік инфрақұрылымына байланысты сұрақтар қаралды.Вакцинациялау бойынша аудан ауруханасының бас дәрігерінің ақпаратына сәйкес аудан бойынша вакцина алған 3056 адам жалпы вакцина алуға жататын адамдар санынан 42 % құрап тұр. Қазіргі таңда ауданымызда жабдықталған 2 екпе бөлмелері, 2 екпе және 2 шығу екпе бригадалары жұмыс жасап. Аудан бойынша вакцинация үрдісіне тұрақты әрі жүйелі жасау үшін жұмыс тобы құрылғандығы және 2021 жылдың желтоқсан айына дейін ПБК отырыстарында вакцинациялауға байланысты мәселелерді тыңдалатындығы айтылып кесте бекітілді.Жол-көлік инфрақұрылымына байланысты 2020 жылы аудан бойынша 6 көшелерді жарықтандыру, 38 көше және 3 ықшам аудандарының жолдары жөнделу, су құбырларын қайта құру жұмыстары жүргізілді.Комиссия төрағасы Г.Ғ.Тұрғаналиевтің қатысуымен рейд барысында бірнеше ескерту жасап құзырлы органдардың басшыларына мердігерлердің жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқталуын бақылауға алу туралы талап қойды.
